Page 86 - index Bapaeva
P. 86

жіктелуі жас ерекшелік дамудың дағдарыстары туралы бастапқы
ұғымды құрайды. Даму жеке-дара фазалардан, кезеңдерден не-
месе сатылардан құралған компонент ретінде қарастырылғанда
ғана бір кезеңнен екіншісіне көшуде сын кезеңінің орын алуын
болжауға болады. Сонымен қатар дамудың бір кезеңі аяқталып,
алдыңғысынан өзге сапалы тұрғыда жаңа кезең басталады.

    П. П. Блонский (1964) алғашқылардың бірі болып педагоги-
калық қатынаста қиындықтардың туындауына себепкер
дағдарысты, «өтпелі кезеңдердің» белгілеу арқылы онтогенезді
бірнеше кезеңдерге бөледі. Ол «сын кезеңі» ұғымын енгізіп,
жүйке-жүйесінің тұрақсыздығына, балалардың осы кезеңдегі
ынталандырылмаған мінез-құлқына нұсқайды. Сонымен қатар
Блонский дағдарысты дамуда кенеттен туындаған өзгеріс ретінде
қарастырған.

    Л. С. Выготский дамудың сатылары (1984) дағдарысты
және тұрақты жас ерекшелік кезеңдердің алмасу қағидасына
негізделеді. Ол бір, үш, он үш, он жеті жастардағы дағдарыстарды
белгілеп, жас ерекшелік дағдарыстардың қалыпты, үдемелі
тұлғалық даму үшін аса қажет деп есептеген.

    Л. С. Выготский төмендегідей психологиялық өлшемдерге
сәйкес кезеңдерді анықтайды:

                                                                           8-кесте
      Л. С. Выготский бойынша кезеңге бөлудің психологиялық

                                       өлшемдері

1 Дамуға тән ерекше белгілі бір кезең барысында дамуда орын

жағдай            алған барлық серпінді өзгерістерге ортақ

                  бастапқы сәтті анықтайтын бала мен оны

                  қоршаған ақиқаттың арасындағы тап сол

                  жас шамасына тән қатынас

2 Жас ерекшелік   ортамен айрықша өзара қатынастардың

кезеңдердің және нәтижесінде дамудың тап сол сәтінде

өткелдердің       алғаш рет туындайтын жаңа психикалық

психологиялық     күйлері, қасиеттері

жаңа құрылымдары

                  86

⇐ МАЗМҰНЫ
   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91