Page 87 - index Bapaeva
P. 87

Кезекті тұрақты кезеңнің соңына қарай нақты жаңа
құрылымдар жетіліп, соның салдарынан индивидтің қажеттілік-
тері өзгеріске ұшырайды. Ортамен өзара әрекеттесудің жаңа тәсілі
жаңадан туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыра алмайды. Тап
осы жағдай дамудың бұрынғы әлеуметтік жағдайы жойылып,
жаңасы туындайтын дамудың дағдарысына ұласады.

    Осылайша, Л. С. Выготский жас ерекшелік дағдарыстарды
ортамен өзара әрекеттесудің бұрынғы түрлері жойылып, дамуда
кенеттен туындайтын өзгерістер орын алатын тұрақты кезеңдерде
біртіндеп жинақталатын шағын өзгерістердің шарықтау шегі
ретінде қарастырады.

    Тұрақты және дағдарысты жас ерекшелік кезеңдердің
айырмашылығы, біріншіден, дамудың әлеуметтік жағдайымен
анықталады. Тұрақты кезең ортамен оған баланың қатынасымен;
дағдарыс кезеңі үйлесімсіздікпен, қарама-қайшылықпен си-
патталады. Екіншіден, дағдарыс кезеңдерінің табысы өткінші
сипатқа ие, жедел жаңа құрылымдар орын алады (мысалы, бір
жастағы дағдарыс кезеңіндегі баланың көп мәнді сөздері қалыпты
сқйлеуге алмасады). Үшіншіден, дағдарыста бала тұлғасының
үдемелі дамуы уақытша кідіреді. Тұрақты кезеңдерге қарағанда,
жаңа құрылымдардың қалыптасуынан гөрі жойылу орын алады.
Бала ие болудың орнына алдыңғы кезеңдерде меңгергендерінен
айырылады деуге болады. Алайда ол құбылыстардың барлығы
жаңа дәрежеге өту үшін қажет болғандықтан, Л. С. Выготскийдің
тұжырымдамасындағы дағдарыс – бұл даму актісі болып табы-
лады.

    Сонымен қатар, Л. С. Выготский шекаралардың белгісіздігі,
шарықтау шегі және баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктердің
айқындылығы сияқты дағдарыс кезеңдерінің өзіндік
ерекшеліктерін атап көрсетеді. Ол дағдарысты сипаттауда
баланың дамуы екпінді, қарқынды, тіпті кейде апатты сипатқа ие
дей келе, орын алған өзгерістердің ырғағы әрі жасалып жатқан
өзгерістердің мәні бойынша оқиғалардың төңкерісті адымын еске
түсіреді деп атап көрсетеді. Ол өзгерістер салыстырмалы қысқа
мерзімде орын алып, айналадағылардан байқалады. Бала өзінің
бұрынғы келбетіне қатысты өзгеріске ұшырайды. Айқындаушы
белгілері – мінез-құлықтың өзгеруі, оның жаңа түрлерін, тәрбиелік
әсері бар әрекеттерге жаңа, үйреншікті үлгіден оғаш түрлерін
меңгеруі.

                                     87

⇐ МАЗМҰНЫ
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92