Page 89 - index Bapaeva
P. 89

былады. Жоғары психикалық қызметтер құрылымы бойынша
(әлеуметтік белгілер мен мәндермен жанамаланған) әрі шығу тегі
бойынша (басқа адамдармен қарым-қатынас және ынтымақтастық
үдерісінде ғана туындайды) «екіжақты әлеуметтік» сипаттамасы-
мен ерекшелінеді.

    Л. С. Выготский жоғары психикалық қызметтер табиғи
қызметтерден құрылымы, қасиеттері және шығу тегі бойынша
ерекшеленеді деп есептеген.

    Құрылымы бойынша жоғары психикалық қызметтер табиғи
қызметтерден жанамаланғандығымен, яғни мәдени құралдар –
белгілер мен мәндерді қолдануға негізделуімен ерекшеленеді.
Мәндер өз кезегінде жинақталған қоғамдық тәжірибені анықтаса,
белгілер адамның санасын өңдейтін өзіндік психологиялық
құрал болып табылады. Сол себепті сананың дамуы белгілері
мен мәндердің жүйесін меңгеру үдерісін білдіреді. Жоғары
психикалық қызметтердің негізгі міндеті – белгілердің көмегімен
адамның мінез-құлқын, қоршаған әлеммен қатынастарын іштей
реттеу. Соның негізінде адамның іс-әрекеті парасатты және ниетті
болып қалыптасып, саналы мақсатқа лайық әрекет етуге ұласады.
Жоғары және табиғи психикалық қызметтерді анықтайтын
қасиеттер – ырықтылық, саналылық және жүйелілік тікелей
жоғары психикалық қызметтердің ерекше құрылымынан алына-
ды.

    Ы р ы қ т ы л ы қ мақсатты ұстануды және оған қол жеткізу
құралдарының болуын білдіреді. Л. С. Выготскийдің ырықтылық
мәселесіне қатысты жаңалығы – мақсатқа қол жеткізу құралдарына
баса назар аударуында. Сәйкес құралдарсыз мақсатты жүзеге асы-
ру бағыттылығының өзі ырықтылықты білдірмейді. Егер мақсат
болып, құрал болмаса, мінез-құлық ырықты болмайды.

    С а н а л ы л ы қ – мән арқылы анықталады, өйткені тілде
(сөйлеуде) көрініс табатын дүниенің барлығы саналы. Л. С. Выгот-
ский мән міндеттеген жалпылаудың құрылымы сананың мағыналы
құрылысын анықтайды деп жорамалдап, тілді (сөйлеуді) адам са-
насы дамуының маңызды факторы ретінде қарастырады.

    Сана құрылысының ж ү й е л і л і г і мәндерді жалпылаудың
ортақ құрылымымен шартталған жоғары психикалық
қызметтердің бірлігі ретінде зерттеушімен сананың жүйелі және
мағыналы құрылысы жайындағы ілімінде жете баяндалған.

                                     89

⇐ МАЗМҰНЫ
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94