Page 88 - index Bapaeva
P. 88

А. Н. Леонтьев психикалық дамуды кезеңдерге бөлудің келесі
бір қағидасын – іс-әрекеттің жетекші типін атап көрсетеді. Оның
пікірінше, онтогенезді кезеңдерге іс-әрекеттің өлшемі және іс-
әрекет типтерінің алмасуы бойынша жүзеге асыру қажет. Әрбір
кезең үшін ол жетекші іс-әрекеттің өзіне тән типін көрсетеді.

    Жас ерекшелік дағдарыстар мен кезеңдерге бөлу мәселесі
Д.Б.Элькониннің еңбектерінде өз жалғасын табады. Ол алдыңғы
зерттеулерді біріктіре отырып, кезеңдерге бөлудің үш өлшемін
көрсетеді, олар:

    1) дамудың әлеуметтік жағдайы;
    2) жетекші іс-әрекет;
    3) тұлғалық жаңа құрылымдар.
    Баланың жас ерекшеліктері дамуының нақ сол кезеңіндегі
ортамен өзара қатынастарының сипатын анықтап, нәтижесінде
жастың негізгі жаңа құрылымдарының туындауына ықпал ететін
нақты жетекші іс-әрекет қалыптасады.

    4. Жоғары психикалық қызметтер жайлы ілім

    Л. С. Выготский адамның психикалық дамуының ерекшелігі
оның өмірінің барысында мәдени, әлеуметтік жоғары психикалық
қызметтердің қалыптасуына байланысты деп есептеген. Жоғары
психикалық қызметтер адамға тумысынан берілген табиғи
қызметтерге қарама-қайшы.

    Л. С. Выготскийдің жоғары психикалық қызметтер жайлы ілімі
жоғары психикалық қызметтердің жанамаланған сипаты, ерек-
ше құрылымы және шығу тегі жайлы екі болжамға негізделеді.
Жоғары психикалық қызметтер әлеуметтік-тарихи дамудың өнімі
болып табылады. Олар адамның тіршілік әрекетінің сипатына бай-
ланысты және еңбек іс-әрекетінің негізінде қалыптасады. Жоғары
психикалық қызметтердің құрылымын жанамалайтын белгілер
мен мәндер еңбек құралдары іспеттес адамның психикалық іс-
әрекетінің құралдары болып табылады. Выготский тарихи даму ба-
рысында адам мінез-құлқының амал-тәсілдерін өзгертеді, табиғи
нышандары мен қызметтерін түрлендіреді, мінез-құлықтың жаңа
мәдени формаларын жасап, құрастырады деп есептеген. Нақты
әлеуметтік мәнге ие белгілер: тіл, математикалық белгілер,
мнемотехникалық құралдар психологиялық құралдар болып та-

                                     88

⇐ МАЗМҰНЫ
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93