Page 15 - index
P. 15

ретінде танылып келді. Стилистикалық бояудың екі түрі бар:
1) жеке стилистикалық бояу; 2) экспрессивті бояу [2, 18].

    Жеке стилистикалық бояу – бұл тілдің жекелеген бірліктері­
нің немесе оның тұтас қабаттарының, оларды түрлі салаларда
қолданумен, сондай-ақ тілдік қатынастың формасымен бай-
ланысты бояуы. Сөздерде, фразеологизмдерде, грамматика­
лық формалар мен құрылымдарда стилистикалық бояу болады.
Олардың стилистикалық бояуы өздерімен мағыналас бейтарап
құралдармен қатар келгенде анық көрінеді. Мысалы: Аңқау
– стилистикалық бейтарап болса, алаңғасар – ауызекі сөйлеу
тілінің лексикасы; Ар, ұждан, намыс – поэтикалық сөздер болса,
ұят, шам – қарапайым сөздер. Соқыр – бейтарап сөз, зағип, көр –
поэтикалық сөз, т.б.

    Жеке стилистикалық бояу таза күйінде сирек кездеседі. Кө­
біне оның бойында экспрессивтілік, эмоционалдылық, баға­
лауыштық бояулар болады.

    Экспрессивті бояу – бұл аталмыш құбылыстың (объект, жақ,
әрекет, жағдай, т.б.) сапалық және сандық белгілерінінің айты-
лу сипаты мен дәрежесін білдіретін стилистикалық бояудың
бір түрі. Экспрессивтілік – сөздің таза мағынасына жамалатын
өзіндік қоспа. Салыстырыңыз: Көп – заттың мөлшерін жай
ғана білдіріп тұрса, оның синонимдері: көл-көсір, ағыл-тегіл,
ұшан-теңіз, телегей-теңіз, аспа-төкпе, ұлан-асыр, аста-төк, шыл­
қыма сөздерінің бойында күшейту, үдемелі қарқындылық пен
қосымша сандық-сапалық реңктерді көруге болады. Әдетте
сөздің экспрессивтілігі туралы айтылады. Алайда, ол фразео-
логизмдерде (ала тайдай бүлінді, ботадай боздады, жер қапты
т.б.) де, тілдің ірі бірліктері – сөйлемдерде, күрделі синтаксистік
тұтастықта және т.б. да болады.

    Экспрессивтіліктің де екі түрі бар: 1) эмоциясыз және 2) эмо-
циялы [2,19]. Бұл екі бояудың көрінісін төмендегі эмоционалды-
экспрессивті сөздердің бойынан байқаймыз: Ұсқын – бет, жүз:
Еркебұланның ұсқынын көріп, жаны ашып кетті (Ә.Тарази).
Сиық – бет, жүз. Қазір адам қызығарлықтай сиық қалды ма бізде
(Б.Тілегенов).

           15

⇐ МАЗМҰНЫ
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20