Page 181 - index
P. 181

берілген жазбалардың сәйкестігін және бұлардың (тақырып­
тар мен иллюстрациялардың) негізгі мәтінге қатыстылығы да
тексеріледі.

    Редакторлық оқып түзету барысында редакцияның тәжі­
рибелі қызметкері материалды өткір көзбен өте мұқият оқып
шығады. Ол оның барлық – мағыналық және стилистикалық
кемшіліктерін көре білуі және оларды жетеші редактор мен жау-
апты шығарушыға көрсетуі тиіс. Ол да корректор тәрізді мәтінді
рәсімдеудің барлық талаптарын білуге міндетті.

    Мәтін ішіндегі біртиптес мәліметтер бірдей формада берілуі
тиіс, оны үйлестіру ережесі деп атайды. Рәсімдеудің бірнеше
нұсқасы болса да, оның біреуі ғана таңдалады, әдетте адам ту-
ралы жазылған кезде оның аты мен тегін немесе атын, әкесінің
атын, тегін және әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік рөлін
көрсетеді. Мысалы: ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан
Тұрсынұлы Жұмағұлов. Бұл есімдер қайта қолданылғанда оның
бірнеше нұсқасы болуы мүмкін (Б.Т.Жұмағұлов, Б.Жұмағұлов,
Жұмағұлов), алайда бүкіл мәтін ішінде, бұл есім тек бір ғана
нұсқада, яғни не тек тегі ғана, не инициалдарымен беріледі.
Сондай-ақ цифрлар, даталар, өлшем бірліктері сияқты кез келген
бір типтес бірліктер де осылай жазылады.

    Мәтіннің сауаттылығы, рәсімдеудің әдептілігі сөйлеу мә­
дениетіне ғана емес, ол сондай-ақ психологиялық қабылдау
заңына да қатысты талап: бірдей бірліктерді рәсімдеудегі ала-
құлалық оқырман назарын мәтіннің мәнінен басқа жаққа аударып,
оны жалықтырады (кейітеді) да, оқырман мәтіннің мазмұнының
объективті құндылығына қарамастан, оны сапалы түрде кері
бағалауға көшеді. Егер бұл оқырман сіздің материалыңыз жа­
рияланғалы тұрған бұқаралық ақпарат құралдарының редакторы
болып шықса, онда мұндай ұқыпсыздық мәтіннің мүлдем жария­
ланбауына соқтыруы мүмкін.

    Мұндай келеңсіздіктерді болдырмау үшін оқудың бірнеше
ережесін есте сақтаған жөн. Мәтінде қайталанатын жалқы
есімдерді, әсіресе, ол өте ұзақ болса, оны ашық жерге немесе
жеке параққа жазып алған дұрыс және сосын оны материалдың
барлық элементтерінде: негізгі мәтінде, тақырыпта, сілтемелерде,

           181

⇐ МАЗМҰНЫ
   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186