Page 182 - index
P. 182

иллюстрациядағы жазуларда қолданылуын салыстырып отыруы
қажет. Мәселен, «Арай» газетінде бір атаудың бір нөмірде үш
түрлі жазылғанын көреміз: 1. Облыстық Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы
полициясы) істің тергелуін аяқтап, айыптыға жаза белгіленді;
2. Облыстық ЭСЖҚД-ның (қаржы полициясының) мәліметі
бойынша жуырда Мойынқұм ауданы әкімдігі білім беру, дене
шынықтыру және спорт бөлімінің С.Сейфулин атындағы орта
мектеп мемлекеттік мекемесінің директоры Т.Тәткеевтің үстінен
қылмыстық іс қозғады; 3. Бір қызығы, экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің бастығы
С.Өтембаев мырзаның қазақшасы қатынас хаттың алғашқы
бетіне жетіпті де, әрі қарай таусылып қалыпты.

    Бұдан басқа қабылдаудың оқу процесіне байланысты
қателердің жіберілуіне жетелейтін кейбір автоматты тәсілдері
де бар. Мысалы, даталарды оқығанда, біз соңғы екі санға назар
аударамыз, өйткені ақпаратты көбіне солар береді, инициалдар-
ды оқымаймыз, сөз мағыналарын болжай саламыз, жалғауларды
толық оқымаймыз, сөйлемнің, абзацтың (шалымның), жолдың
соңына ден қоймаймыз. Қатар келген дыбыстардың орналасуы-
на (дәрмен-дәмрен), түсіп қалған әріптер (жолдатық) мен буынға
мән бермейміз, жазылуы ұқсас әріптер мен сандарды шатасты-
рамыз, жақша мен тырнақшаны жабуды ұмытып кетіп жатамыз.
Сондықтан оқып-түзету барысында саналы түрде осы элемент-
терге ерекше көңіл бөлетін қабілетті қалыптастырып алу керек.

    Оқып-түзету барысында бұдан басқа өзгертулер енгізілмейді.
Оқып-түзетуші мәтіннің мағыналық және стилистикалық
кемшіліктеріне ғана назар аударады да, қателерді анықтап,
парақтың ашық шетіне тиісті белгілер қояды, алайда түзету тура-
лы мәселені материалды шығаруға жауапты тұлға ғана шешеді.

    Қысқартып түзету мәтінге терең де күрделі араласуды та-
лап етеді. Атынан көрініп тұрғандай, оның мақсаты – мәтіннің
көлемін азайту. Мұндай қажеттілік әртүрлі себептерден болады.
Мәселен, мәтін қатаң түрде белгіленген көлемнен артық болып
кетсе, оны қысқартуға тура келеді. Мұндай қатаң көлем, әсіресе,

барлық материалды бір бетке сыйғызуды талап ететін пресс-

           182

⇐ МАЗМҰНЫ
   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187