Page 178 - index
P. 178

Бірінші мәтіндегі ой жүйесіздігі мен түсініксіздігі, сөйлем
құрылымындағы қайшылықтар екінші мәтінде жойылып, он­
дағы сөйлем құрылымы жөнге келтіріліп мәтін түсінікті тілге
келтірілген.

    Редактор мәтінді оқу барысында оның кез келген бөлігінде
дәлсіздік пен қателіктің ұшырауы мүмкін екенін естен шығармау
тиіс. Мысалы: Оралкүлдің тобасы менің Анамдікі сияқты аузын-
да емес, жүрегінде. Обал-сауап десе, қамқорлық десе, елпілдеп
тұрады. Қандай да бір қайырымды шаруада қабағын шытып,
қарсы келмейді (А.Майлыбаев). Бұл жерде автордың айтпақ ойы
– Оралкүлдің де, анасының да тобасының ұқсастығында, яғни
олардың тобасының жүрегінде екені туралы. Алайда, мәтін
анасының тобасының аузында екенін көрсетіп тұр. Өйткені
сөйлемнің құрылымдық жүйесі соған итермелеп тұр. Бұл жер-
де редактор мен автор қырағылық танытпаған, егер олар сияқты
сөзінен кейін үтір қойса, онда сөйлемнің мәні мүлдем өзгеріп,
автордың ойын дәл берер еді. Тағы бір мысал: «Біздің универси-
теттерде білім алу үшін поляк тілін білу міндетті емес. Ағылшын
тілінде оқытатын мамандықтар да бар. Студенттермен алмасу
екі жаққа да тиімді болмақ», – деді Қазақ гуманитарлық заң
университетінің ректоры Сергей Ударцевпен кездесу барысын-
да «Перспектива» білім беру қорының президенті Вальдемар
Сивински (ЕҚ). Бұл сөйлемдегі төл сөздің кімге тиесілі екенін
бір оқығаннан ажырату қиын. Сондықтан редактор сөйлем құры­
лымына дұрыс көңіл бөлуі тиіс.

    Тереңдетіп оқығаннан кейін түзету енгізіледі, содан кейін
редактор мәтінді тағы да бір рет оқып шығады. Алайда бұл
түзетілген нұсқаны бақылап, өңдеп оқу болып табылады. Оның
негізгі мақсаты – түзетудің қаншалықты терең де негізді екенін,
редактордың міндеттерін қаншалықты орындай алғандығын, яғни
мәтінді барынша тиімді түзету мен автор жіберген кемшіліктерді
жою деңгейін және түзетудің автор нұсқасынан артықшылығын
бағалау.

    Дайындаудың бұл кезеңінде редактор өз жұмысын талдай-
ды: нақты мәліметтерді салыстырады, барлық атаулар мен да-
таларды, цифрлар, фамилиялар мен аты-жөндерінің біркелкі

           178

⇐ МАЗМҰНЫ
   173   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183