Page 176 - index
P. 176

келеген сөздерді ғана емес, сондай-ақ тұтас жолдарды, тіпті
абзацтарды (шалымды) қамтуға болады. Оқу барысында жал-
пы мағынасын, бөлімдерінің арақатынасын сақтап отырып,
және назарды жекелеген фактілерге, детальдар мен есімдерге
шашыратпай оқып, мәтін мен оның шеттеріндегі бос орынға
қарындашпен алдағы жұмыс барысында көмектесетін белгілерді
қойып (мысалы: түсінуге қиындық тудыратын қиын немесе
түсініксіз фрагменттерді белгілеу, сұрақтар қою) отыру керек.
Бұл редактордың кейінгі жұмыстарын жеңілдетеді.

    Редактордың шығармамен танысудағы негізгі нәтижесі –
жұмыстың стратегиясын жасау, яғни мәтінді толықтыру үшін
авторға қайтару немесе басылымға қабылдау туралы шешімге
келу. Мәтінді басылымға қабылдаған жағдайда редактор мате-
риалды жетілдіру туралы жобасын жасап, өз әрекетінің жоспа-
рын белгілеп, мәтінге қаншалықты өзгеріс енгізуге болатынын
анықтайды, түзету тәсілдерін таңдайды.

    Таныса оқуды редактордың міндетті жұмыс кезеңі ретінде
барлық редакция басшылары мойындай бермейді. Кейбір редак-
торлар қолға қарындашты алып, мәтінді бірден асықпай, назар
қойып, оған бірден түзету белгілерін қоюды ұсынады. Белгілі
бір тәжірибесі бар және көлемі шағын мәтіндерді редакциялау
барысында, осылай жұмыс істеуге де болады. Алайда көптеген
тәжірибелі редакторлар таныса оқу кезеңінің міндетті екеніне
екі себепті дәлел келтіреді: біріншіден, оған көп уақыт кетпейді,
сондықтан ол уақытты да үнемдейді, екіншіден, көз жүгірте
отырып, редактор онымен оқырман сияқты танысып шығады,
сондықтан да мәтінге ненің қажет екенін болжау мүмкіндігіне
ие бола алады.

    Таныса оқуға қарағанда тереңдетіп, талдап (аналитикалық)
оқу редактордан арнайы дағдысының болуын талап етеді. Он-
дай дағдыға төмендегі әрекеттерді жатқызуға болады: оқылатын
мәтінге ерекше мән бере білу, оны мағыналық бөліктерге (жік­
тей) бөле білу, оларды өзара салыстыра алу. Редактор тереңде­
тіп, талдап оқу процесінде барынша мұқият болып, әрбір сөздің,
әрбір тыныс белгісінің дұрыс қолданылуын көре білуді үйре­
нуі тиіс. Тереңдетіп, талдап оқу барысында редактор мәтіннің
композицияс­ ына түзетулер енгізеді, баяндаудағы жүйесіздік
пен логикалық қателерді жояды, сосын барып мәтінге әдеби
өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар редактор мәтіннің

           176

⇐ МАЗМҰНЫ
   171   172   173   174   175   176   177   178   179   180   181