Page 179 - index
P. 179

жазылуын тексереді. Өңдеп оқу барысында редактор мәтінді
көз жүгіртіп қана оқиды да, негізгі зейінін түзетудің ең қиын
жерлеріне аударады.

    Өңдеп оқудың қиындығы – редактордың да автор сияқты
мәтінге көзінің үйреніп қалуында, сондықтан кемшіліктерді
байқамай қалуы әбден мүмкін.

    Біз редактордың ерекше таланты туралы, оның мәтінді көру
мен сезіну шеберлігі туралы, редактордың кәсіби қырағылығы
туралы жиі естиміз. Бұл пікірлер негізінен дұрыс та. Шынында
да, редактор мәтінді көре білуге міндетті, алайда ондай кәсіби
шеберлік туа сала немесе механикалық жолмен қалыптаспайды.
Оған жеткізетін – редактордың тынымсыз ізденімпаздығы,
тұрақты дағдылары мен кәсіби біліктілігі.

3.6 Түзету – редактор әрекетінің негізі.
            Түзету принциптері

    Түзету – бұл мәтінді формасы мен мазмұнын жетілдіру
мақсатында өзгерту. Түзетуді редактордың ескертпелерін ескере
отырып автордың өзі (бұл өте тиімді, алайда әрдайым орындала
бермейтін әдіс) немесе редактор жүргізе алады. Түзетудің түрін
орындау ең әуелі мәтіннің сапасына, сондай-ақ оны қайда және
қалай жариялайтынына байланысты.

    Редактор мәтінді тереңдетіп, талдап оқу барысында оны
толық бағалап, сосын ғана түзетуге кіріседі, өйткені оған көркем
шығармалар редакторларының тәжірибелеріне негізделген ре-
дакциялау әдістемесі осы тәсілді ұсынады. Редакциялаудың
бұл дәстүрлі әдістемесі редакторға материал туралы өз қоры­
тындысын таныса оқудан кейін бірден жасауға, түзетулерді
тереңдетіп, талдап оқу барысында енгізуге, сосын, басуға берер
алдында тұтас мәтінді тағы бір рет оқып шығуға кеңес береді.

    Мәтінді түзету әрбір түзету бойынша дәлелдеуді талап ететін
қажеттілік, ол – біріншіден, авторлық өңдеуден кейін қалып кет-
кен қателерді жою үшін, екіншіден, тұжырымдардың анықты­
ғы мен дәлдігіне қол жеткізу үшін, үшіншіден, материалдың
нақтылығын тексеріп, қолжазбаны дәлсіздіктен арылту үшін,

           179

⇐ МАЗМҰНЫ
   174   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184