Page 184 - index
P. 184

...Қазағыңыздың қаймағы бұ­зыл­
маған қара шаңырағы – Оңтүстік. Олай болса, бұл тарихи уақиғаның
Қазақ елі қалаларының әуелгі барлығын бір автордың жа-
үштігіне үйлесіп, үлгерген де зып шығуы тағы да мүмкін емес
Шымкент. Шырайлы Шымкент. («Арпалыс» романының авторы
Шапақ шашқан Шымкент. Шүленді кім? 91-б).
Шымкент. Шаруажай Шымкент.
Шыдамды Шымкент (М.Байғұт,
«Оңтүстік таңы»).

    Бірінші мәтіндегі «Шымкент» сөзінің қайталануы мен
оның ш дыбысынан басталған сөздермен тіркесуі бұл мәтінге
экспрессивтік бояу беріп, «Шымкент» сөзіне ерекше екпін түсіріп
арнайы стилистикалық мақсатта қолданылып тұрса, екінші
мәтіндегі сонан сөзі мен үшінші мәтіндегі олай болса, арқау бо-
лар, тарихи сөздерінің шағын мәтінде бірнеше рет қайталануы
мәтінге еш көркемдік сипат беріп тұрған жоқ. Керісінше, мәтінді
тым шұбалаңқыландырып жіберген.

    Кейде редакторға мәтінді қатаң белгіленген парақ, жол, белгі
көлемінде баяндауға тура келеді. Ондай материалдар көбінесе
энциклопедияларда, анықтамалықтарда, күнтізбелерде, мерзімді
басылымдарда жарияланады. Оларда мақала көлемі алдын ала
белгіленген, одан еш ауытқуға болмайды. Ондай жағдайда ре-
дактор оларды барынша қысқартып, ең негізгі ақпараттарды
қалдыруы керек. Берілген көлемді (парақты) тиімді пайдалану
үшін кейде түрлі анықтамалықтарда абзацтар мен сөйлемдерді
ғана емес, сонымен қатар жиі қолданылатын жеке сөздерді
де қысқартады. Мысалы: Тараз қаласы – Тараз қ., жыл – ж.,
мемлекеттік – мем-тік, солтүстік – солт., т.б.

    Қысқарту техникасы екі негізгі тәсілді қолданады. Бірінші –
бөліктермен қысқарту. Мұнда мәтіндегі мағыналық тұтастықты
білдіретін біршама жинақы фрагменттер қысқартылады. Бұл
мәтінді терең түсінуге қатысы жоқ, тақырыптың белгілі бір
аспектілерін қамтитын абзац, керексіз нақтылық, біртиптес
мәліметтердің ұзақ қатарлары – сияқты мәтін бөлшектерін
қамтиды. Екінші – мәтінішілік қысқарту. Бұл да синтаксистік
құрылымдарды қайта құру, мәні төмен сипаттамаларды, де­

тальдерді, артық сөздерді алып тастау арқылы мәтіннің сөйлемі

           184

⇐ МАЗМҰНЫ
   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189