Page 180 - index
P. 180

төртіншіден, мәтіндегі тілдік және стильдік кемшіліктерді жою
үшін, бесіншіден, мәтінді техникалық өңдеу үшін қажет.

    Редактордың жұмысы трафаретке сыймайды. Түзетудің кез
келген мәтінге бірдей қолданыла беретін формасы болмайды.
Редактор түзету тәсілін өзі таңдауға құқылы, алайда ол тәсілдер
анық, дәл, негізді болуы және шеберлікпен қолданылуы тиіс.
Әдеби процесс пен автор психологиясының күрделілігі редак-
торды қажетсіз түзетулер енгізуден сақтандыруы тиіс. Редактор
жұмысының сапасы қолжазбадағы түзетулер мен өзгертулер­
дің санымен бағаланбайды. Газет редакцияларында түзетемін
деп автордың қолжазбасын толық қайта жазып шығатын қыз­
меткерлер де кездеседі және олар бұл әрекетінің мәтін үшін
пайдалы, қажеттілік екеніне өте сенімді болады. Өкінішке орай,
мұндай түзетулерден кейін автор мәтіні солғындап, көп жетістігін
жоғалтып жатады.

    Редактор мәтінді түзету барысында оған автордың көзімен
қарап, оның ойын, логикасын, тақырыптағы идеясын жете тү­
сінуі тиіс. Редактор – автор емес, ол автордың сауатты мәтінді
құраудағы кәсіби көмекшісі ғана. Мәтіннің редакторлық нұсқасы
авторлық нұсқадан артық болғанда және оны дәлелдей алған­да
ғана қолданылады. Өкінішке орай, іс жүзінде үнемі олай бола
бермейді. Автордың үздік нұсқасы редактордың нашар нұс­
қасымен ауыстырылып жататын кездер де болады.

    Редактордың мәтінге араласу деңгейі мен өзгертулер си-
патына қарай түзетуді төрт түрге бөлуге болады: оқып түзету,
қысқартып түзету, өңдеп түзету, қайта түзету [65, 469]. Енді
олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып көрелік:

    Оқып түзету – жұмыстың соңғы кезеңі, ол тікелей матери-
алды жариялаудың алдында орындалады. Оның екі түрі бар:
корректорлық және редакторлық.

    Корректорлық түзету барысында мәтіннің екі нұсқасы пайда-
ланылады: бірі – түзетуді енгізетін жұмысшы нұсқасы, екіншісі
– түзетуді салыстыратын түпнұсқа. Мұндай оқудың мақсаты –
түпнұсқа мен жұмысшы нұсқасының әрбір әрпін салыстыру,
қайталанған немесе біртипті фактілердің бірдей берілуін тек-
серу. Бұдан басқа тақырыптарды, иллюстрациялар мен оларға

           180

⇐ МАЗМҰНЫ
   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185