Page 188 - index
P. 188

1937 жылы А.С.Пушкиннің 100 жылдығы өтіп жатқанда,
Қызыл Армияның бас хирургі академик Николай Нилович Бур-
денко баяндама жасайды. Оның жарияланған баяндамасының
стеннограммасына журналист А.Гудимов өз тарапынан
«дәрігерлердің Пушкинді аман алып қалуы мүмкін еді, алай-
да олар оны істегісі келмеді» - деген сөйлем қосады. Ал, шын
мәнінде, Бурденко баяндамада Пушкинді сол кездің ең үздік
дәрігері Арондтың емдегені және Пушкинді аман алып қалудың
мүмкін болмағаны туралы айтқан болатын. Тіпті Бурденко жазу-
шы Андрей Собольге сілтеме жасаған. Ол 1927 жылы Пушкиннің
ескерткішінің жанында өзінің Пушкин жараланған жерін атып,
операциядан кейін Пушкин сияқты екі күн емес, үш сағат қана
өмір сүрген болатын. Міне, журналистің осы қателігінің салдары-
нан жазумен айналысатындардың барлығы Пушкиннің өлімі сол
кездің дәрігерлерінің құрсақ қуысынан жараланғандарды дұрыс
емдей алмауынан болды деп есептейді. Алайда бұл шындықпен
жанаспайды. Міне, ақынға деген сүйіспеншіліктен туындаған
қателіктің салдары қайда соқтырады.

    Алайда газет қызметкеріне енгізген өзгерістерін автормен
келісуге кейде мүмкіндік бола бермейді. Ондай жағдайда ол ма-
териалды автордың стилін сақтай отырып, тілдік нормаларға
қайшы элементтер немесе ойды түсінуді қиындататын жерлерді
ғана өзі дербес өңдейді.

    «Түркістан» газетінің 3 шілде күнгі санында «Алматының
Астанаға тартуы» деген шағын ақпарат жарияланған:

    – Астанадағы Республика даңғылы мен Сейфуллин көшесінде
саябақтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты рәсімді Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан
Есімов ашты.

    «Бүгін Ұлыстың ұлы күні. Бүгін Елбасының арманы орын-
далып, үлкен жеңіске жеткен күн. Елбасының жеңісі ол – елдің
жеңісі, халықтың жеңісі. Бұл бәріміздің жеңісіміз. Сондықтан
құрметті халайық Елбасына қажымас қайрат, зор денсаулық
тілейік. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгінгі мерейтой күні
өзіміздің Алматыдан мынау алаң, мынау фонтандар Астанаға
Алматының сыйы. Қабыл алыңыз», – деді ашылу рәсімінде Ах-

метжан Есімов.

           188

⇐ МАЗМҰНЫ
   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193