Page 193 - index
P. 193

материалдың өзінің сапасы да әсер етуі мүмкін. Көлемі, жанры,
ағымдағы оқиғалармен байланысын атап көрсету қажеттілігі,
оқырманмен байланыс формасы алдын ала жоспарлануы мүмкін,
түзету түрінің көрсетілуі де ықтимал. Сосын, редактор қалай
жұмыс істеу керек екенін шешеді. Осылайша схеманың үшінші
компоненті анықталады. Ол материалды түзетуге қайтаруы
мүмкін, жеке өзі немесе автормен бірігіп мәтінмен жұмыс істеуі
мүмкін және оның ойынша, жұмыс істеуге осы жағдайдағы ең
тиімді әдісті таңдайды. Редактордың мәтінді түзету процесі, бұл
процестің соңғы кезеңі.

    Редакторлық жұмыстың психологиясы өте күрделі. Бұл
оның объектісінің – адамның күрделі әрекетінің нәтижесін, ав­
тор, редактор мен оқырманның арасында туындайтын өзге­
ше коммуникативтік байланысты, шығармашылық бастауы
аналитикалықпен үйлесетін редактор еңбегінің ерекшелігін
көрсететін мәтіннің күрделілігімен байланысты. Редакциялаудың
психологиялық алғышарттары осы ерекшеліктер бойынша
қарастырылуы тиіс.

    Редактор мәтінді кәсіби қабылдаудың психологиялық алғы­
шарттарын білуі тиіс. Психология ғылымына сүйенсек, редактор
үшін келесі қадам – мәтінді, автор еңбегі мен өз әрекетін түсінуге
саналы қатынас орнату. «Сөзге, түрлі тілдік элементтердің
мағыналарына саналы қатынас стильді жақсы дұрыс қабылдаудың
алғышарты, – деп жазған Л.В.Щерба. – Егер әрбір сөз өз орнында
тұрса ғана, адамның айтқысы келген ой дұрыс түсініледі, оның
мағынасын оңға, солға тарта алмайсың. Бұл сөзге деген саналы
қатынастың, түрлі реңктерді саналы түсінудің нәтижесінде пай-
да болатын – нақты нәтиже, нақты стиль».

    Бақылау – редактордың мәтінмен жұмыс істеу барысындағы
маңызды міндеті болып табылады. Редактор үшін мәтінді «сырт
көзбен» көре біліп, оның кемшіліктерін нақты анықтау өте
маңызды. Бұл қасиетті жаттықтырып, қалыптастыру керек. Редак-
тор автор мәтінінің алғашқы оқырманы ретінде осы бақылауды
жүзеге асыруға көмектеседі. «Сырт көзбен қарау» – автордың

мәтінмен жұмыс істеуінің қажетті шарты және редактордың

әдеби шығарма жасауға қатысуының қажетті психологиялық

алғышарты.

           193

⇐ МАЗМҰНЫ
   188   189   190   191   192   193   194   195   196   197   198