Page 192 - index
P. 192

– тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді қалағанынша
өзгертіп пайдалана беретіндер көбейді. Орынды қолдана біл!

    – тыныс белгілеріне пысқырып қарамайтындар да баршылық.
Тыныс белгілеріне мұқият бол!

    – нақтылы мәліметтер, мамандардың сараптамасы жетпей
жатады. Ақпаратты тексер, мамандардың ой-пікірін пайдалан!
[70,65].

3.7 Редакциялаудың психологиялық және логикалық
                          алғышарттары

    3.7.1 Редакциялаудың психологиялық алғышарттары.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында физиология
мен жаратылыстану ғылымдарының мәліметтеріне сүйенген
психологиялық бағыттағы лингвистер мен әдебиетшілер көркем
шығармашылық пен оқырмандардың әдеби шығармаларды
қабылдау процесінде осы ғылымдардың әдістерін белсенді түрде
қолдана бастады. Бұл шығармашылық психологиясы туралы
түсінікті тереңдете түсті, автор мен оқырман арасындағы жаңа
түсіністік қатынасын енгізді.

    Редактор жұмысының психологиясы әзірге арнайы ғылыми-
зерттеу жұмыстарының пәніне айнала қойған жоқ, сондықтан біз
редакциялаудың психологиялық алғышарттарын қарастырғанда
психологтардың адам әрекетінің күрделі формаларын зерттеу
нәтижесінде қалыптастырған жалпы ережелерге сүйенеміз. Ре-
дакциялауды осындай формалардың біріне жатқызуға толық негіз
бар және редактор жұмысының жалпы схемасы төмендегідей бо-
луы мүмкін:

    1) ақпараттарды алу;
    2) міндеттерді анықтау;
    3) жүріс моделі мен күтілетін нәтижелер схемасын жасау;
    4) әрекеттер мен осы әрекеттерге сәйкес нәтижелер [69, 22].
    Редакциялық жұмыс барысында бұл схема нақты толық­
тыруларға ұшырайды. Оның бірінші компоненті – редактордың
автордың шығармасымен танысуы. Екіншісі – редакциялау
міндеттерін анықтау. Оны анықтауға сыртқы жағдайлар да,

           192

⇐ МАЗМҰНЫ
   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196   197