Page 189 - index
P. 189

Алматы қаласының сыйын қабылдай отырып, Елбасы Аста-
на қаласының мерекесінің барша қазақстандықтардың мерекесі
болғандықтан, барлық облыстарға Астанаға сый ретінде бір-бір
ескерткіштен орнатуларына тапсырма бергендігі турасында да
айта кетті. Алаң мен субұрқақтар Алматының Астанаға тартуы.

    «Біз Алматыны ұмытпаймыз, қастерлейміз. Оның өсіп,
көркеюін өте қалаймыз. Көп рахмет. Бүкіл алматылықтарға, қала
басшыларына, әкімдігіне және Алматы қаласының әкімі Ахмет-
жан Есімовке үлкен рахметімізді айтамыз», – деді Елбасы.

    Тәжірибелі журналист Жұлдыз Әбілда бұл мақаланың
төмендегідей кемшіліктерін көрсетеді:

    Біріншіден, грамматикалық қате көп. Тыныс белгілері дұрыс
қойылмаған.

    Екіншіден, қайталау көп.
    Үшіншіден, тым шұбалаңқы.
    Төртіншіден, ой байланыспайтын, сөйлемдер қабыспайтын
тұстар көп.
    Бесіншіден, ауызекі айтылған әңгіме ешбір өңделместан,
жөнделместен, басы артық тұстары алынып тасталмастан, тасқа
басылып кеткен.
    Ж.Әбілда ойын «осы ақпаратты сағызша созбай, бес-алты
сөйлемге сыйдыруға болар еді», – деп қорытындылап, оны
берудің өз нұсқасын ұсынады:
    – Астанадағы Республика даңғылы мен Сейфуллин көшесінің
қиылысында жаңа саябақтың ашылу салтанаты болды. Оған
елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Алматы қаласының әкімі Ах-
метжан Есімов қатысты. Астананың мерейтойы қарсаңында
мемлекет басшысы барлық облыс және қала әкімдеріне той тар-
туы ретінде бір-бір ескерткіш орнатуға тапсырма берген еді.
Жаңа саябақ пен оның ішіндегі субұрқақ – Алматы қаласының
Астана тойына тартуы. «Елбасының жеңісі – елдің жеңісі»
екенін алға тартқан Ахметжан Есімов Нұрсұлтан Әбішұлына
қажымас қайрат, зор денсаулық тіледі. Елбасы болса, сый-
сияпатқа ризашылығын білдіріп, алғыс айтты [70, 64-66].
    Қайта түзету барысында мәтіннің мазмұнын сақтап, оны
нақтылау үшін, оның формасы түрлі өзгерістерге ұшырауы

           189

⇐ МАЗМҰНЫ
   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194