Page 194 - index
P. 194

Автор үшін редактор – қолжазбаны басқалардан қырағы
оқитын және онымен бірге мәтінмен жұмыс істейтін оқырман.
Оқырман үшін редактор – оның мүддесін қорғайтын, мәтінді оқи
отырып, оның қалай түсінілуі мен бағалануы керек екенін бол-
жай білетін өкіл.

    Редактор мәтінмен жұмыс істеу барысында басынан аяғына
дейін белсенділік көрсетіп, мәтінді өзінің қабылдауын бақылауы
және автор шешімдерінің ерекшеліктерін бағалай білуі тиіс.
Тәжірибелі редакторлар редакциялау барысында ең күрделісі
– мәтінге өзгертулерді енгізгенде оның «бөтенсініп», орам-
сыз жамау болып тұрмауы деп есептейді. Редактордың әрбір
ескертпесі қолжазбаның кемшілігін көрсетіп қана қоймай, нақты
ұсыныстарды қамтуы тиіс. Мәтінді қабылдаудағы белсенділік,
байымдаудың нақтылығы – редакциялаудың маңызды психо­
логиялық алғышарттары және редактордың жұмысы мен әреке­
тіндегі психологиялық модельдердің қажетті белгілері.

    Мәтіннің мазмұнында бірнеше мағынаның болуы, өкінішке
орай, жиі кездесетін құбылыс. Ол көбінесе кейбір сөздерді
немесе тілдік құралдарды дұрыс қолданбаудан туындайды.
Психология мұндай қателерді «сөйлеу механизміндегі түрлі
жағдайлардың әсерінен болатын «жыртық» ретінде бағалайды»
[69,27]. Мұндай жағдайда автор өзінің дұрыстығына еш күмән
келтірмейді, ал мәтін болса екіұштылыққа жол береді де, түзетуді
қажет етеді. Мәселен, «Сіздің досыңыз, Артықбай аға, қазір ғана
аулада жүр еді» деген сөйлемде Артықбай аға деген қаратпа сөз
бе немесе айқындауыш мүше ме белгісіз. Егер бұл қаратпа сөз
болса, сөйлемді «Артықбай аға! Сіздің досыңыз қазір ғана аула-
да жүр еді» деп жазған дұрыс болар еді де, егер анықтауыш мүше
болса, «Сіздің Артықбай деген досыңыз қазір ғана аулада жүр
еді» болып құрылар еді. Ауызша сөйлеу формасында осы типтес
сөйлемдердің мағыналары интонация арқылы немесе сөйлесу
процесі өтіп жатқан жағдаяттың көмегімен нақтыланады. Жазу
кезінде мұндай сөйлемдер контекс арқылы бір мағыналы болып
айқындалмаған жағдайда сөйлемдерді қайта құру, басқаша ты-
ныс белгілерін қою, синоним сөздерді пайдалану арқылы қажетті
мағыналарын айқындайды.

           194

⇐ МАЗМҰНЫ
   189   190   191   192   193   194   195   196   197   198   199