Page 196 - index
P. 196

сақтау министрi Салидат Қайырбекованың құлағына ал-
тын сырға. Салидат ханым, Қазалы ауданындағы 2000-ға жуық
тұрғыны бар Түктiбаев ауылында дәрiгер жоқ екенiн бiлесiз бе?
(Жас Алаш).

    Осындай сөздердің тағы бірі – паш ету. Осы сөздің мағынасы
кейбіріміздің түсінігімізше мүлде бұрмаланған: «Парсыдан
кірген «паш» деген сөз де көп жағдайда бұрмаланып алынып жүр.
«Паш ету» деген – әшкерелеу, қылмысының, не айыбының бетін
ашу деген мағынада... Ал бізде кейбір жолдастар оны «дәріптеу»
деген мағынада қолданады» (газеттен). Алайда, проф. Н.Уәли
бұл сөзге байланысты өз уәжін келтіреді: «...автор паш сөзінің
парсы тілінен енгендігін дұрыс айтқан. Бірақ осы сөздің қазақ
тіліндегі мағынасын дәл көрсетіп, дұрыс түсінбеген. Паш ету –
«әшкерелеу, қылмысын, айыбын ашу» емес, тіркестің мағынасы
– «жария ету», «әйгілеу», «білдіру». Көркем сөздің көрнекті
зергерлері бұл сөзді осы мағынада қолданған...

    Паш ету сөзінің «жариялау, әйгілеу, жұртқа жаю» деген
мағынасы – денотациялық мағына. Ал бірсыпыра сөзде осы
мағынаға қоса коннотациялық мағына да болады...

    Әуелден паш ету сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы «жария
ету», «әйгілеу», «жұртқа білдіру». Осы сөздің бастапқыда бей-
тарап реңде болғандығын «Абай жолы» эпопеясынан алынған
мысалдан-ақ аңғаруға болады. Тіл жұмсау дағдымызда бұл сөз
мына тәрізді контекстерде жиі қолданыла келіп, бейтарап реңнен
жағымды реңге көшті:

    Октябрь күнінің
    Он екінші тойында
    Паш етейін бір істі
    Көптен жүрген ойымда (С.Сейфуллин).
    Жарқ етті күн шұғыласы шам жанғандай,
    Қас дұшпан қайғыланды қам қылғандай.
    Әлемге паш етілді бір зор есім,
    Тамаша айдай әлем таң қалғандай... (Н.Ахметбеков).
    Паш етті сөзінің осындай ұнамды контексте жиі жұмсалуын,
жағымды реңге көшуін қазақ әдеби тілінің үлкен бір арнасы –
публицистика стилі жеделдете түсті» [67, 33-36].

           196

⇐ МАЗМҰНЫ
   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201