Page 97 - indexf
P. 97

1.	 теңіз бетінде үлкен негіздерді тасымалдау, монтаждау және
     демотаждаудың қиындығы мен қымбаттылығы;

2.	 тіректердің ұзындығын ұлғайту кезінде олардың беріктігінің,
     тұрақтылығының төмендеуі;

3.	 негіздерді теңіз грунты түбінен алу қиындығы жатады.

4.5-сурет. «Лукойл» компаниясының ӨК ЖБҚ-сы

     Теңіздің тереңдігі 90 м арналған, платформа ауданы – 2600 м2.
     Буксирлеудің алдында орын ауыстыру жобасын өңдейді, онда қашықтықта,
жүзу ауданына, метеоболжамның сенімділігі және ұзақ мерзімділігіне бай-
ланысты буксирлеу жылдамдығы, буксирлердің саны мен қуаты, олардың ор-
наласу сұлбасы және басқа да қауіпсіз орын ауыстыру шаралары белгіленеді.
Қондырғының беріктігіне және мықтылығына есеп жүргізіледі. Көбінесе,
тіректі аяқтардың ұзындығына үлкен көңіл аударылады. Буксирлеу тросының
үзілу күші келесі формуламен анықталады:

						   Fраз = 0,716SП υб2,	                              (4.1)

Мұнда, SП – ӨКЖБҚ-ның батырылған бөлігінің кедергі ауданы, м2; υб – бурсир-
леу жылдамдығы.

     Өздігінен жүрмейтін ӨКЖБҚ үшін бурсирлеу тросының ұзындығы келесі
формуламен анықталады:

						   l = 350+0,045Nс .	                                (4.2)

Мұнда, Nс – якорлық қамтамасыз етудің таңдау сипаттамасы.

         97

МАЗМ¦НЫ
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102