Page 125 - indexf
P. 125

Өздігінен жүре алмайтын кемелердің ішінен көбінесе, баржаларды
қолданады. Баржалардың барлық түрлері бұрғылау жұмыстарын теңізде
жасауға жарамайды. Ең ыңғайлысы, құрғақ жүк баржасы астындағы люгі
ашылады, соның арқасында бұрғылау қондырғысын баржаның орталығында
орналастыруға болады. Жұмыс бастар алдында баржаны тұрақтылық үшін бал-
ластымен жабдықтайды.

     Кейде бұрғылау жұмыстарында екі бір типтегі баржаларды көлденең бру-
стармен қыздырып қосады. Осылайша баржалар арасында ұңғыманың сағасы
орналасатын катамаран орнығады.

     Баржаларды қыздырып қосудың арқасында ауыр салмақты қондырғыларын
пайдалануға болады және қолайсыз гидродинамикалық теңіз жағдайында
бұрғылау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туады.

     «Геолог Приморья бұрғылау кеме-катамараны мұзсыз периодта арктикалық
емес теңіз қайраңдарының жағалау бөлігінде геологиялық-түсіру, инженерлі-
геологиялық, геофизикалық және барлау жұмыстарын жүргізуге арналған.
Ол жүк көтергіштігі 300 кН болатын, биіктігі 10 метр Л-тәрізді бұрғылау
мұнарасымен жабдықталған. Акваторияларда тереңдігі 50 метрге дейін
жететін барлау ұңғымаларын бұрғылауға арналған негізгі және қосымша
қондырғылармен, сондай-ақ жыныстарды ұрма-қағылмалы, айналдырғыш
және дірілді айналдырғыш тәсілдері арқылы 50 метрге дейінгі тереңдікте
бұрғылайтын қондырғылармен жабдықталған. «Геолог Приморья» катамара-
ны бұрғылау нүктесінде әрқайсысының салмағы 900 кг болатын төрт якормен
қондырылады. Зәкірлерды қондыру ешқандай жүзу құрылғысынсыз катамаран
бортынан жүргізіледі. 6.5-суретте “Геолог Приморья” геологиялық-барлаушы
кемесінің сұлбасы көрсетілген.

 6.5-сурет. «Геолог Приморья» Геологиялық-барлаушы кемесі
1 – бұрғылау мұнарасы; 2 – аспапты жүк көтергіш; 3-9 және
1-15 – каюта, өндіреуге және тұрмысқа арналған бақылағыш;

           10 – суасты қанаты; 16 – мұнара асты негіз

         125

МАЗМ¦НЫ
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130