Page 129 - indexf
P. 129

7-тарау

                    ТЕҢІЗ ҰҢҒЫМАЛАРЫН БҰРҒЫЛАУДЫҢ
                       ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ТЕХНИКАСЫ

     Теңіз акваторияларында ұңғыманы бұрғылау кен орындарында минералды
ресурстарды іздеу, барлау, өндіру, оларды өңдеу үшін қажет.

     Құрлыққа қарағанда теңізде ұңғыманы бұрғылау қиын және қымбат. Теңіз
акваторияларында жұмыс істеу шарттары метеорологиялық және гидрологиялық
қиындықтарына байланысты. Пайдалану ұңғымаларымен жұмыс кешенін
орындау және бұрғылау қондырғысын орналастыру негіздемесі теңізде ар-
найы қолданылуы қажет, оған себеп (желдер, мен толқындар, судың еңгейінің
көтерілуі, судың қайтулары, судың ағыны, тұман, қар мен горизонтальдық
көрініс, мұзды режим, су мен ауа райының температурасы) ұңғыма сағасының
сулы кеңістіктің түбінде болуы.

7.1-сурет. Теңізде көлбеу ұңғыларды бұрғылау

     Суасты жұмыстарын орындау және бұрғылаудың горизонтальдық озық тех-
нологиялары мұнай қорын тиімді өндіру үшін қолданылады.

     Ағынның немесе желдің бағытындағы орналасқан қондырғылар дрейф және
қирауға ұшырайды, палубада орналасқан аспаптар мен құрылғылар бұзылады.
Теңіздегі желдер, толқулар және ағындар әсері сулы ортада орналасқан ұңғыма
түбінің сағасын тербеліске ұшыратады, ол жүзбелі бұрғылау қондырғысына
зиянын тигізеді. Сондықтан бұрғылау қондырғысында жұмыс істеп жүрген
адамдарға тербеліс қатты әсер етеді. Негізінде теңіздегі толқулар өте зиян және
бұрғылау кезінде толқынның соғуы тұрақты бұрғылау қондырғысы негіздемесіне
зиян келтіруі немесе оны қиратып тастауы мүмкін.

         129

МАЗМ¦НЫ
   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134