Page 130 - indexf
P. 130

Теңіз түбіндегі борпылдақ жыныстар әдетте қатты суланған. Ұңғыманы
бұрғылау кезінде, мұндағы жыныстарда кернді және ұңғыма оқпанының
тұрақтылығын сақтау үшін техникалық қосымша қосылыстар қолдану ке-
рек және технологиялық шаралар жасалуы тиіс, және де көптеген қосымша
материалдық шығын талап ететін және қоршаған ортаны қорғаудың қатаң та-
лаптарын қанағаттандыруы қажет.

7.2-сурет. Теңізде мұнай қорын тиімді игеруде көлбеу
    ұңғыларды бұрғылаудың жаңа әдісінің сұлбасы

     Өзгеше, ерекше гидрологиялық және метеорологиялық шарт теңіздегі
әдістерді қолдану тиімділігін төмендетіп, мүмкіндігін шектейді. Құрлықтағы
техникалық жабдықтар мен бұрғылау технологиясы теңізде қолданылады.
Теңіздегі кен орындарында минералдық ресурстарды өндіру үшін бұрғылау
ұңғымасының тиімділігін арттыру, әлі күнге дейін суасты жұмыстарының ең
басты мәселесі болып табылады. Теңізде ұңғымаларды бұрғылау және пайда-
лануды экономикалық тиімді ету үшін, қымбат тұратын массивті теңіз тұрақты
және жартылай тұрақты қондырғыларын, тиегіш конструкцияларын орнала-
стыру қажет болады. Олар құрлықта жетік меңгеріліп, бұрғылау технология-
ларын қолдануға және дәстүрлі бұрғылау техникаларына орналастыруға, иге-
руге, мұнай мен газды тасымалдауға дайындауға мүмкіндік береді. Теңізде
барлау ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылау құрылғылары мен технологияларының
түбегейлі жаңа конструкцияларын қолдану қажет. Түбегейлі жаңа конструкция
ретінде, аз шығын шығарып жоғары сапалы және экологиялық, қоршаған орта
мен техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау қарастырылады.

     Мұндай техника және технологияларды жасау, ең алдымен, теңізде
бұрғылау технологиясы мен қазіргі заманауи техникалық жалпылама бағалауды,
тәжірибеде қолдану үшін қажет.

         130

МАЗМ¦НЫ
   125   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135