Page 131 - indexf
P. 131

7.1 Теңіздерде ұңғыманы бұрғылау ерекшеліктері

     Теңіздерде ұңғы бұрғылау қондырғылары конструкциясын және бұрғылау
технологияларының және техникаларының дамуының арқасында бірнеше
тереңдіктерде ұңғы бұрғылау мүмкіндігіне ие болды. Мысалы: судың қазіргі
кезде 1840-2240 метрге дейін барады. Барлық теңіз кен орындарындағы тұрақты
теңіз платформалары арқылы өндіреді. Соңғы кездерде басқадай платформалар
бар. Мысалы: гравитациялық, зәкірлермен тартылып тұрақтандырылған плат-
формалар қолданыла басталды. Тұрақты платформаларды қолдану тереңдігі
бұрын 310 метр тереңдікте болса, қазіргі кезде судың тереңдігі 500 метр және
одан жоғары болғанда қолданылатын платформалар тәжірибеден өтуде. Теңіз
ұңғыларын Солтүстік мұхитта бұрғылау көптеген қиындықтарға соқтырады.
Біріншіден – тереңдікте, екіншіден – мұздардың әсерінен, үшіншіден – теңіздің
түбінің рельефіне, төртіншіден – гидрометрологиялық жағдайларға байланысты
болады. Осы жағдайларды алып қарағанда теңіз түбінде орналасқан сағалық
жабдықтарды пайдаланудың келешегі мол. Қазіргі кезде шет елдерде 145-тен
астам ұңғыларда сағалық жабдықтары теңіз түбінде орналасқан.

     7.1.1 Қазіргі кездегі бұрғылау тәсілдері

     Тау жыныстарының механикалық, жылу, физикалық және электро-ұшқын
әсерін бұзуға байланысты, бірақ мұнай-газ ұңғыларын бұрғылауда негізінен
механикалық тәсіл қолданылуда. Механикалық тәсіл ішінде соққылама
бұрғылау тәсілінің екі түрі болады. 1 – роторланған бұрғылау тәсілі, 2 – түптік
қозғалтқышпен бұрғылау кезінде гидравликалық және электрлік қозғалтқыштар
пайдаланылады. Гидравликалық қозғалтқыштардан турбобұрғылар және
винттік қозғалтқыштар қолданылады. Электрлікте электробұрғы қолданылады.

     7.1.2 Ұңғы бұрғылаудың таукен-геологиялық жағдайы

     Барлық тау-жыныстарды 3 топқа бөлуге болады: Магмалық, шөгінді,
метаморфозияланған. Шөгінді тау жыныстары – жер қабығындағы
массасының 5%-н құрайды. Соған қарамастан мұнай-газ кен орындарының көбі
осы жағдайда орналасқан. Шөгінді тау жыныстарының механикалық қасиеті
олардың құрылысына, минерологиялық құрамына, бір-бірінің тұтасуына
байланысты. Тау жыныстарының құрылысы олардың структурасына және
бөлшектенген бөліктеріне бөлінеді. Кристалдық жағдайға: әр түрлі хлорлар (га-
лит, карнолит, бишапит) карбондық жыныстар, әктас, доломиттер, кремнийлік
жынастар, сульфаттар (гипс, ангидриттер) және оксидтер (кварц және кварцит-
тер) бөлшектенген жыныстар. 1) ірі бөлшектері (диаметрі 2 мм үлкен бөлшектер);
2) құм және құмтастар (диаметрі 0,1-1 мм-ге дейін бөлінген бөлшектер; 3) майда
бөлшектері (диаметрі 0,01-1 мм-ге дейін); 4) сазды жыныстар (диаметрі 0,01-ден
кіші). Кристалдық тау жыныстарының минералдары бір-бірінен өзара тұтасып
жатады, ал, бөлшектенген жыныстарының минералдары бір-бірінен бөтен

         131

МАЗМ¦НЫ
   126   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136