Page 132 - indexf
P. 132

цементтеуші заттардың көмегімен тұтасады. Цементтеуші заттарға: сазды,
карбондық, кремнилік цементтер жатады. Текстура дегеніміз – жыныстардың
петрографиалық құрамының тіке кеңістік бойынша орналасуы. Оларға
жыныстың сланецтігі, кеуектілігі, жарықшақтылығы жатады. Сланецтілігі
– оларға жоғары қысым, температура, химиялық және гидродинамикалық
үдерістердің әсерінің өзгеруі жатады. Кеуектілік коэффициентін сипаттайды.

     Ол дегеніміз – жыныстардағы кеуектіліктердің ауданының көлемінің
оның жалпы көлеміне болған қатынасы. Кеуектіліктің екі түрі болады: 1) жал-
пы кеуектілік; 2) тиімділік кеуектілік. Тиімділік кеуектілік дегеніміз – бір-
бірімен тұтасып тұрған кеуектіліктердің көлемінің жалпы жыныс көлеміне
болған қатынасы. Жарықшақтық дегеніміз тектоникалық күштер және
гидродинамикалық үдерістер әсерінен пайда болады. Жер қыртысы кез кел-
ген бағытында орналасқан (тіке, горизонтальды, көлбеу). Кеуектіліктер кейде
үлкен ұңғымаларда кездеседі. Әдетте олар бір-бірімен жалғанбайтын болады.
Егер жарықшақтық өнімді қабаттар аймағында кездессе, онда оның мұнай
бергіштігінің мол болады. Әдетте тау жыныстар түрі көп болғанымен оларды
құрастыратын минералдардың түрі бірнеше ондаған болуы мүмкін.

     7.1.3 Тау жыныстарының қаныққандығы

     Шөгінді тау жыныстары магмалық тау жыныстардың бөлшектері және
тұздардың, көл, теңіз, мұхит астына топтасқаннан пайда болғандар. Олардың
кеуектіліктерінде белгілі мөлшерде су болады. Оның минералдануы орнала-
су тереңдігіне байланысты болады. Жер бетіне жақын жататын жыныстарда
көбінесе тұщы немесе минералдануы төмен сулар кездеседі. Олардың қоры (жер
бет) атмосфералық жауын-шашынның әсерінен толықтырылып тұрады. Ол егер
ондағы сулар үлкен тереңдікте жататын болса, олардың минералдануы жоғары
және олардың қоры басқа сулармен толықтырылады. Сулардың минералдану
деңгейі бірнеше грамнан 3000 кг/м3 дейін барады. Минералданған сулардың
компоненттеріне хлоридтер, натри (кальций, магний хлориді. Газдар: аммиак,
азот, көмірсутегі, қышқыл және көмірсутегі газдары жатады. Жер астындағы
табиғи жағдайындағы қалайы болғанда кейбір аймағындағы көмірсутегі газ-
дары топтануы мүмкін. Сөйтіп олар көмірсутегі көздерінен пайдаланады.
Осындай бірнеше көздердің ашылғандығы кен орнын құрайды. Көмірсутектер
кендері таза мұнай, таза газ, мұнай-газды, газоконденсатты, газдыгидратты бо-
луы мүмкін. Бұл өнімдер қабаттарда гравитациялық заң бойынша орналасады,
яғни ең ауыры астында, ең жеңілі үстінде жайғасады. Мұнай немесе газ тау
жыныстарының кеуектіліктерінде белгілі қысыммен жатады. Ол кеуектіліктер
бір-бірімен байланысып тұратын кеуектіліктердегі қысымды қабат қысымы деп
аталады. Мұндай қысым жыныстың жату тереңдігіне байланысты болады. Бір
қалыпты жағдайда жер астында кез келген қабаттағы қабаттық қысым биіктігі
теңіз деңгейі мен сол қабаттағы дейінгі тұщы су бағанына тең болады. Мұнда
қысымды гидростатикалық қысым деп атайды:

         132

МАЗМ¦НЫ
   127   128   129   130   131   132   133   134   135   136   137