Page 19 - indexf
P. 19

өтейді. Теңіз акваторияларында іздеу-барлау жұмыстары жалпы кен орынды
меңгеруге кететін шығындардың 10%-ынан 20%-ына дейін құрайды.

                     1.3-сурет. Континенталды қайраңның кескін сұлбасы

     Теңізде кен орнындарды меңгеруге қажетті жалпы күрделі қаржы –
климаттық жағдайларға, кен орынның тереңдігіне және қызмет көрсету жаға
базасының алыстығына, алынатын қорға, ұңғымалар дебитіне, жалпы бұрғылау
үдерісіне, теңіз жабдықтарын орналастыруға, өндіруге, теңіз жағдайында өнімді
жинау, дайындау және тасымалдауға, автоматизациялау аумағында ғылыми-
техникалық прогрестерге тәуелді болады.

     Теңізде мұнай-газ кен орындарын меңгеру ерекшеліктеріне келесілерді
          жатқызуға болады:

     -	 теңіз гидрометереологиялық жағдайларын ескере отырып, арнайы
          гидротехникалық құрылымдарды (жүзбелі кранды монтажды кеме-
          лер, қызмет көрсету кемелері, құбыр төсеу баржалары және т.б.),
          геофизикалық, геологиялық іздеу-барлау жұмыстары және мұнай
          кәсіптік объектілерін салу, бұрғылау, ұңғымаларды пайдалану және
          жөндеу, мұнай өнімдерін жинау және тасымалдау;

     -	 теңіз тұрақты платформалары, эстакадалық алаңдар, жасанды аралдар,
          өздігінен көтерілетін және жартылай батпалы жүзбелі қондырғылар
          және басқа құрылымдар, көлбеу бағытталған ұңғымалар тобын
          бұрғылау;

     -	 берілген кен орны немесе кеніш үшін жобалау кезінде тиімді ұңғымалар
          торын таңдау, өйткені теңіз жағдайында үлкен қиындықтарға байланыс-
          ты олардың тығыздығын өзгертуде, алдын ала құрылған суасты комму-
          никация желілерін өзгерту қиындықтар туғызады, ал кейбір жағдайларда
          тіпті мүмкін де болмайды;

     -	 ұңғымалардың тиімді санын орналастыру үшін тұрақты платформалар,
          эстакадалық алаңдар, жүзбелі пайдалану палубаларын және басқа
          құрылымдардың тиімді конструкциясын және санын таңдау (қабаттардың
          орналасуына, ұңғымаларды өткізу мерзімдеріне, ұңғымалар арасындағы
          арақашықтыққа, олардың дебиттеріне байланысты);

     -	 гидротехникалық құрылымдар сапасы мұнай-газ кен орындарын игеру
          мерзімдерінің ұзақтылығына, беріктігіне сәйкес болуы тиіс.

         19

МАЗМ¦НЫ
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24