Page 167 - indexf
P. 167

гидравликалық күш есебінен болады. Бұрғылау құбыры бұрандалы қосылыс
арқылы жалғанған және сағадан ұңғыма түбіне дейін қашауға айналу моментін
беріп тұрады. Сол құбылыспен бірге жыныстарды бұзып, қазылған жыныстарды
жер бетіне шығару мақсатында бұрғылау құбырлары ішіне бұрғылау сұйқтығы
үлкен қысыммен айдалады. Жалпы бұрғылау құралы бұрғылау құбырынан,
стабилизаторы бар ауырлатылған бұрғылау құбырынан және т.б. көмекші эле-
менттер мен қашаудан тұрады. Онда диаметрі бойнша қашаумен бірдей, не кіші
стабилизатордың қалақшалары болады. Бұл бұрғылау құбырының тұрақты күйін
сақтап, бағытталған құбырға көмектеседі. Қарапайым тік роторлы бұрғылау
жағдайында бұрғылау құбырына салмақ күші түскен уақыттағы қисаю болмауы
үшін құбыр бойы созылмалы кернеуді сезінуі қажет. Ауырлатылған бұрғылау
құбырлары тізбектің ауыр компоненті болып және созылмалы кернеу күшін
жүзеге асырып, төменгі жақта орналасады. Оның мақсаты, қашауға сапалы
бұрғылау үшін салмақ күшін түсіру. Сол жағдайда оған салмақты кернеу күші
әсер етеді.

     Қашаудың айналу жүйесі. Ұңғыманы бұрғылауда бұрғылау тізбегінің
бұрғылау роторы арқылы және жоғары жетек жүйесі арқылы екі айналу жүйесін
қолданады: Ротор бұрғылау алаңында орналасып, жетекші арқылы ротор үстеліне
айналу қозғалысын береді. Ротор үстелінің айналу қозғалысы, соның ішінде
қатайтылған жүргізуші құбыры арқылы бұрғылау тізбегіне беріледі. Жүргізуші
құбыр квадрат немесе алтыбұрышты қима болып келеді және бұрғылау
тізбегінің жетекшісі болып табылады. Жаңа бұрғылау қондырғыларында ішкі
жетек жүйесін (ІЖЖ) қолданғанда ротор өз жетегімен болмайды. Тәлдік блок-
та орналасқан ІЖЖ бағытталатын рельстармен жылжиды, ол реактивті айна-
лу моментінің пайда болуын болдыртпайды. ІЖЖ-ның электрикалық және
гидравликалық қозғалтқышы және редукторы болады. Олар бұрғылау шамы-
на (свеча) бұрандалады. ІЖЖ-ны қолдану ротордан тиімділігі жоғары болады,
әсіресе ол көлбеу ұңғыларын бұрғылау уақытында байқалады.

     Циркуляция жүйесі. Ұңғыма қабырғаларындағы жыныстардың құламауын,
тау жыныс қысымын әсер етпеуін, бұрғыланаған жыныстарды ұңғыдан
шығарып тастауын жүзеге асыратын гидравликалық кері әсер ету күшін жасау
арқылы пайдаланады. Бұл үдерісті қамтамасыз ететін негізгі элемент – циркуля-
ция сұйықтығы. Мұнда бұрғылау сұйықтығының бірталай түрлерін қолданады.
Бірақ оның ішінде үш негізгі категорияларын бөліп алуға болады:

     	Су негізіндегі сұйықтық, оны әдетте судан, қоспаның салмағын ұлғайту
          үшін инертті материалдардан және сұйықтық фильтрациясын бақылап,
          тұтқырлығын өсіру үшін әр түрлі химиялық реагенттерден жасайды.

     	Эмульсия негізіндегі сұйықтық, көмірсутектердің әр түрлі концентра-
          циясынан, судан, инертті материалдармен химиялық реагенттерден жа-
          сайды.

     	Синтетика негізіндегі сұйықтық, оны эмульсиялық қоспаға ұқсатуға
          болады. Онда көмірсутекті эмульсиялық фаза синтетикалық және

         167

МАЗМ¦НЫ
   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172