Page 168 - indexf
P. 168

қоршаған ортаға аз зақым тигізетін химиялық реагенттермен алмасты-
          рады.
     Бұрғылау сұйықтығынан басқа циркуляция жүйесіне бұрғылау сораптары,
тұндырғыштар, бұрғылау сұйықтығын дайындау мен тазалау қондырғысы бо-
лады. Тұндырғыштың әр түрлі бұрғылау ерітінділерін сақтауға мүмкіндігі бар.
     Циркуляция жүйесінің тағы бір компоненті – цементтеуші қондырғы. Оны
шегендеуші құбырлармен ұңғы оқпанының арасындағы кеңістікке айдау үшін
қолданылады. Сонымен қатар оның циркуляция жүйесін демеп, қондырғыны
престеу мүмкіндіктері бар.
     Қысымды бақылау жүйесі ұңғымадағы көмірсутектерді жер бетіне
шығаруда кедергі келтіретін екі барьер бар деп санауға болады. Бірінші барьер
бұрғылау сұйықтығының гидростатикалық қысымы болып саналады.
     Онда қысымды бақылау жүйеснінің үш негізгі компоненті бар: превенторлы
штуцерлі желі (дроссельдеу желісі) және ұңғыманы саңылаусыздандыру желісі;
бақылау жүйесі (басқару жүйесі).
     Превенторлар бұрғылау жұмыстарын жүргізген кезде бұрғылау алаңының
астында стационарлы тұрақты платформаларда, өздігінен көтерілетін жүзбелі
бұрғылау қондырғыларында және құрлықта бұрғылау немесе теңіз түбінде
жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары мен бұрғылау кемелерін
қолдану жағдайында орналасады.
     Энергия көздері жүйесі. Бұрғылау қондырғылары өздерін электроэнергия-
сымен өздері қамтиды. Әдетте энергия генераторлары дизотынмен жұмыс жа-
сайды және айнымалы тоқтан тұрақтыға айналдыру үшін силиконды немесе т.б.
түзеткіштермен жабдықталған. Соңғы уақытқа дейін қолданыста келе жатқан
бұрғылау сораптарына жетек пен ротор қондырғыларының ескі үлгілерін де
қолданады. Негізгі орындаушы механизмдер электроқозғалтқышынан тұрақты
тоқты қарапайым жылдамдықта бақылау үшін қолданады. Айнымалы тоқтың
электрлі бақылау әдістері тиімді өндірілгесін, жаңа бұрғылау қондырғыларының
барлық электроқозғалтқыштары айнымалы тоқ қолдануға көшіріледі. Энергия-
ны қажет етуі қондырғының өлшемімен және қондырғы түріне байланысты.
Жаңа үлгідегі алып жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысының қуаты
6-8 МВт.

     7.11.3 Ұңғыманы бұрғылау және ұңғыны аяқтау

     Мұнай ұңғымасын бұрғылау принципі
     Ұңғыма үлкен диаметрлі қазу тесік арқылы, мысалға, 914 мм 40-60 м
жоғары орналасқан жыныстармен өтіп құрылады. Ұңғымаға 762 мм диаметрі
бар құбыр түсіріліп, цементпен айналасынан нығыздалады. Содан кейін құбыр
ішімен диаметрі 660 мм болатын тесік бұрғыланады. Қазу тереңдігі 500-600 м
жиі кездеседі, одан кейін оның ішіне де 508 мм диаметрлі құбыр түсіріліп,
цементтеледі.

         168

МАЗМ¦НЫ
   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173