Page 183 - indexf
P. 183

Жоба шеңберінде суасты мұнай өндірісінің барлық аспектілерін қамтитын
жабдықтар мен операциялар сынақтан өткен. Негізгі пайдалану жабдығынан
(сағалық арматура, клапандар, тастау сызықтары және т.б.) басқа зерттеулер
бағдарламасына бірқатар көмекші жүйелер (сепараторлар, электроэнергия
көздері, бақылау-өлшеу аспаптары және т.б.) мен операциялар кірген.

     Жабдықтар мен операциялардың толық тізіміне:
     -	 саға қондырғысы;
     -	 мұнай және газ сепараторлары;
     -	 газды лақтыру жүйелері;
     -	 қақпақтар жұмысын реттеу құрылғысы;
     -	 бақылау-өлшегіш аспаптар және байланыс жүйесі;
     -	 электрэнергия көздері және оларды тарату жүйелері;
     -	 құбырлар және манифольдар;
     -	 арқан жұмыстары;
     -	 водолаз жұмыстары;
     -	 қосымша кемелер кіреді.
     «Закум» суасты жүйесінің пайдалану жағдайлары қолайлы болады. Онда
судың тереңдігі 20 м аспайды және жабдықты орнату мен қызмет көрсету бо-
йынша операцияларды жүргізуге мүмкіндік берді. Одан басқа, негізгі жағалық
база жүргізілетін жұмыстар орталығына (Дас аралы) жақын орналасқан, ол пай-
далану жағдайларын жеңілдетеді. Алайда, «Закум» жобасының арқасында су-
асты операцияларын жүргізудің тәжірибесі жинақталды, ол үлкен тереңдіктер
мен пайдалану тәсілдері қатал жағдайларында пайдалы болады.

8.2 Мұнай және газды суасты өндіру жүйелері

     8.2.1 Мұнай және газды өндірудің суасты жүйелеріне қысқаша талдау

     Теңіз кен орындарын суасты игеруінің дамуы негізінен келесі төмендегі
факторларға:

     Теңіз кен орындарын суүсті мұнай-газ құрылымдарынан игеруден суастын-
да игерудің құнының дереу өсуіне;

     Қолайсыз қатал ауа райы жағдайларына және мұздық жағдайларға байла-
нысты, бірқатар қиын мәселелерді тудырған, Солтүстік және Арктикалық кен
орнындарды игеруге;

     Аса ірі кен орнындарды алыс шеткері аумақтарда игерудің үдеуі;
     Ұсақ аз дебитті кен орнындарды тиімді меңгеруді қамтамасыз етуіне байла-
нысты.
     Сағасы теңіз түбінде орналасқан бірінші ұңғыма 1943 жылы (АҚШ, Эри
өзені) теңіз тереңдігі 11,5 м бұрғыланды. Содан бері бірқатар шетел компания-

         183

МАЗМ¦НЫ
   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188