Page 22 - indexf
P. 22

Одан кейін қабаттың мұнайға қаныққан бөлігі немесе мұнай аймағы, оның
астында табан суы орналасады.

     Өндіру үдерісінде бұл теңдесу қысым градиентін құрудан бұзылып, әсіресе
үлкен мәнге өндіру ұңғымалардың түп аймағы ие болады. Қысым градиенттердің
үлкен мәндері фазалардың шартты бөліну шекараларының пішінінің өзгеруіне
әкеліп соғады (яғни, су-мұнайлы және газ-мұнайлы шектесу), олар ұңғыма
тесіктерінің жағына қарай жылжиды. Қысым градиентін тым үлкейткенде судың
немесе газдың ұңғымаға өтуі жылдам болып, нәтижесінде мұнай дебиті азаюы
мүмкін. 1.4-суретте су конусының пайда болу үдерісін анық көруге болады.

     Газ бен судың мұнайға қарағанда жылжуы жоғары болғандықтан конустың
болуы қабатты ығыстыру үдерісімен қоршауға азайып, мұнайды өндіру жағдайы
нашарлайды (үлкен газды фактор, өнімнің тым сулануы, мұнай дебитінің азаюы
және т.б).

     Қабат қоршауына әсер етудің төмен коэффициеті.
     Жоғарыда айтылғандай, қабаттың біртекті еместігі және фазалардың
жылжуларының, тығыздықтарының тиімсіз қатынастары қабат қоршауына әсер
етуді төмендететіні белгілі, яғни игерудің жоғарғы деңгейлі көрсеткіштерін
алуға мүмкіндік бермейді.

           1.3 Қоршаған орта және оның өндірістік жұмыстарға әсері

     Соңғы жылдары дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде мұхитта зерттеу
және оның ресурстарын пайдалану проблемасы қайраңда мұнай-газ кен орын-
дарын меңгеруді дамытудың маңызды мәселелерінің біріне айналады.

     Айтылған проблеманы сәтті шешудің негізгі шарттарының бірі – қоршаған
орта жайлы сапалы және көлемі жағынан жеткілікті ақпараттың болуы.
Дүниежүзілік мұхитты зерттеу мәліметтері санының өсу екпіні аса жоғары,
бұл жиналған ақпарат көлемін әрбір 7-8 жылда көбейтуді қамтамасыз етеді.
Ғарыштық бақылау мүмкіндіктерінің даму жылдамдығы арқасында жақын
болашақта ақпараттың көбейуінің жалғасуы, біршама азаю қарқыны күтілуде.

     Гидрометерологиялық жағдайларды анық әрі мұқият зерттеу мұнай-газ кен
орындарын меңгеруде анағұрлым қажет. Бұл гидротехникалық құрылымдардың
қатал гидрометеорологиялық жағдайда қорғалмаған акваторияларда пайда-
лануына байланысты. Қоршаған ортаның экстрималды жағдайында бұл
құрылымдар бұзылмауы керек және кен орынды пайдаланудың барлық кезеңінде
жұмыс сенімділігін қамтамасыз етуі қажет.

     Мұнай-газ кен орындарын меңгеруді жобалаудың әр түрлі кезеңінде
гидрометеорологиялық толық көлемді ақпарат керек болады. Техникалық-
экономикалық негіздеуді жасауда да салыстырмалы үлкен аквоторияларға
қатысты гидрометеорологиялық мәліметтер туралы кең көлемде ақпарат
қажет болады. Теңізде мұнай кәсіпшілік құрылымдарды жобалауда кен орны

         22

МАЗМ¦НЫ
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27