Page 21 - indexf
P. 21

•	 қабаттағы фазалардың жағымсыз жылжымалы қатынасы;
     •	 газды жоғарғы жағынан, су төменгі жағынан фильтрациялануға алып

          келетін фазалардың гравитациялы бөлінуі;
     •	 су және газ конустарының пайда болуы.
     Жеке немесе бірге орындалатын осы факторлар қабатты қоршап алу
әсерінің төмендеуіне, яғни мұнайбергіштіктің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Мұнайбергіштікке әсер ететін тағы бір фактор – ол, сумен мұнайды ығыстыру
тиімділігі. Бұл фактор көбінесе, микроскопиялық қоршап алу коэффициенті деп
аталады.
     Мұнай «тұтастарының» пайда болуы (яғни, мұнай ығыспайтын аймақ)
көбінесе өткізгіштігі бойынша біртекті емес қабаттарда мұнайды сумен немесе
газбен ығыстыру әдісімен байланысты болады. Бұл тиімділік жоғары тұтқырлы
мұнайды ығыстыру жағдайында өседі, ығыстырушы (су, газ) және ығысушы
(мұнай) фазалардың қозғалуларының жағымсыз қатынастары анық болады.
     Өткізгіштігі бойынша қабаттың біртекті болуы «сулану тілдерін» құрап,
өткізгіштігі төмен қабат аумағынан өтіп, жоғары мұнайға қанығатын аймақтарда
мұнай «тұтастары» пайда болады.
     Су және газ конустарының пайда болуы (1.4-сурет).
     Статикалық теңдестіру жағдайларында, яғни ығысу үдерісіне дейін
қабаттарда мұнай, газ және су тығыздықтарына сәйкес орналасады. Еркін газ
болған жағдайда, ол құрылымның жоғарғы жағында орналасқан газ телпегін
(шапкасын) құрайды.

                       1.4-сурет. Су конусының пайда болуы:
     а – өндіру алдында фазалардың тұрақты таралуы; б – конус пай-
  да болуының бірінші стадиясы: СМШ – бетінің қисаюы; в – конустың
перфорациялық тесіктерге өтуі, мұнай және судың бір мезгілде өндірілуі.

         21

МАЗМ¦НЫ
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26