Page 20 - indexf
P. 20

Байланысты телефондық және телеграфтық каналдар байланысының көп
          санын геостационарлы спутниктер арқылы қолдануға мүмкіндік беретін
          аппаратуралар кешенінен тұратын техникалық және навигациялық бай-
          ланыс мүмкіндіктері.

     -	 ЭЕМ-на мәліметтерді енгізуге дайындауды және кемеде мәліметтерді
          өңдеуді қамтамасыз ететін көп каналды сандық сейсмикалық
          станциялардың ақпараттарын өңдеуге арналған геофизикалық, аппара-
          туралар және жабдықтар кешенінен тұратын геофизикалық жұмыстарды
          жүргізуге арналған техникалық мүмкіндіктер;

     -	 мұнай және газ ұңғымаларың терең барлама бұрғылауға арналған
          техникалық мүмкіндіктер (өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау
          қондырғылары, жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары,
          бұрғылау кемелері), суасты сағалық жабдықтары кешені.

     -	 геологиялық-инженерлік зерттеулерге арналған техникалық құралдар;
     -	 теңіз тұрақты платформалардан тұратын мұнай-газды өндіру және

          пайдалануға бұрғылау техникасы, мұнай-газды өндіру жабдықтары,
          мұнайды-газды суасты өндіру жабдықтары, солтүстік және арктикалық
          аквоторияларда мұнай-газ өндіру және меңгеруге арналған техникалар,
          басқару және бақылау жүйесі;
     -	 теңіз гидротехникалық құрылымдары, жағалаудағы мұнай-газ жинау
          базалары, мұнай-газ желілері, мұнай-газ тасымалдауды басқару мен
          бақылау жүйесіне кіретін мұнай-газды дайындау және тасымалдаудың
          техникалық құралдары;
     -	 гидротехникалық құрылымдарын құру және монтаждау жұмыстарына
          арналған техникалық құралдар, объектілер құрылысы және құбыр
          желісін төсеу жабдықтары, кранды монтаждау кемелері, түсіру және та-
          сымалдау баржалары, құбыр төсейтін баржалар;
     -	 суасты және сүңгуір техникасы, сүңгуірлерді және акванавттарды
          жабдықтау жүйесі;
     -	 теңіздегі жұмыстарға қызмет көрсету техникасы, көп нысаналы кеме-
          лер, буксирлер, өрт сөндіру кемелері, ашық фонтандауды жою кемелері,
          тік ұшақтар және т.б.;
     -	 қоршаған ортаның ластануының алдын алудың техникалық құралдары:
          төгілген мұнайды жинайтын, ластанушы және улы заттарды бейтарап-
          тандыратын химиялық реагенттердің бондық бөгеттері.
     Теңіз кен орындарын игеруді қиындататын факторлар
     Табиғи көмірсутектер кеніштерін игеруді қиындататын және оның
тиімділігін төмендететін көптеген әртүрлі факторлар кездеседі. Тиімділігін
төмендететін факторлар көбінесе мұнай кен орындарын меңгеру жұмыстарында
кездеседі.
     Олардың ең маңызды факторлары:
     •	 кеніште фильтрацияның сыйымдылық қасиеттерінің біртекті еместігі;

         20

МАЗМ¦НЫ
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25