Page 457 - indexf
P. 457

се құрамындағы жоғары мөлшердегі күкірттің болуы (Теңіздікі, Каспий теңізі
қайраңының) қиындатады.

     Айтылғанға қоса тағы мынадай себептер қосылады, мұнай мен газды
өндірудің артуы, теңіз кен орындарынан өндіру, өндірілетін мұнай сортының
артуы және одан алынатын мұнай өнімдері, айдалатын өнімнің сапасын және
санын сақтау талабы, экологиялық қауіпсіздік нормасын сақтау, тұтынушылар
торабын кеңейту, мұнай өнімдеріне сұраныс коньюнктурасының қиындауы.

     Құбыр желісті тасымал магистралды мұнай газ желістер жұмысын
қамтамасыз ететін құрылымды комплексінен құралады. Магистралды құбырлар
желістерін ерекшелейтін ерекшеліктері, ол ұзақтылығы (50-ден бірнеше мың
шақырымға дейін), құбырдың үлкен диаметрі (200-ден 1220 мм дейін), бірнеше
айдаушы және жылыту станцияларының болуы. Мұнай және газды құбыр
желістерімен тасымалдау технологиясының келесі бір ерекшелігі үдерістің
үздіксіздігі. Айдау үдерісінің саңылаусыздығы айдалатын өнімнің сапасын
және санын сақтау (жоғалтуды және ластануды төмендету) талабына жауап
береді, яғни бұл үдерістер (қалыпты, апатсыз жұмыс жағдайында) экологиялық
қауіпсіздеу. Тасымалдаудың басқа түрлеріне қарағанда мұнай және газды құбыр
желістерімен айдаудың өзіндік құны және магистралды құбыр желістерінің пай-
далану шығындары әлдеқайда төмен және айдаудың ұзақтылығы артқан сайын
құбыр желісімен тасымалдаудың өзіндік құны едәуір төмендейді.

     Магистралды мұнай желісі келесідей құрылымды комплекстерден тұрады:
     •	 Құбыр желісінің басты құрылымдарымен мұнай көзін байланыстыра-

          тын әкелуші құбыр желістері. Осы құбыр желістерімен кәсіпшіліктен
          басты станция резервуарларына мұнай айдалады;
     •	 Басты айдаушы станциясы, онда магистралды құбыр желісі бойынша
          айдауға арналған мұнай жиналады;
     •	 Аралық айдаушы станциялардан, оған алдыңғы станциялардан келетін
          мұнай ары қарай айдалады;
     •	 Соңғы пункттер, мұнда өнімді құбыр желісінен қабылдап,
          тұтынушыларға бөледі немесе ары қарай тасымалдың басқа түрімен
          жіберіледі;
     •	 Құбыр желісінің сызықты құрылымдары. Оларға құбыр желісінің өзі,
          трассадағы сызықты құдықтар, котодты және протекторлы қорғау стан-
          циялары жатады;
     •	 Теңіз құбыр желілері бағаналары;
     •	 «Ыстық» құбыр желістеріне мұнайды қыздыру станциялары.
     Магистралды газ желілеріне келесідей объектілер кіреді:
     •	 Басты құрылымдар;
     •	 Тармақталған болатты құбыр желісінен, ілмекті арматурамен сызықты
          құрылымдардан;
     •	 Компрессорлы станциялар, газ қысымын арттыруға;

         457

МАЗМ¦НЫ
   452   453   454   455   456   457   458   459   460   461   462