Page 456 - indexf
P. 456

тереңдігі 10 м-ден 300 м-ге дейін, құбыр төсеудің тәулік өнімділігі 1500 м-ден
1800 м/тәу.

17.8-сурет. Таяз тереңдікте құбыр          17.9-сурет. Үлкен құбыр төсеу
                   төсеу                    1 – төмен түсіруші құрылғы;
                                          2 – стингер; 3 – кран; 4 – құбыр;
 1 – төмен түсіруші құрылғы; 2 –            5 – құбыр жүргізуші құрылғы
бөлім құрылғысы 3 – зәкірлік арқан;

    4 – құбыр; 5 – зәкірлік арқан

        17.5 Каспий теңізі кен орындарындағы мұнай мен газды өңдеу,
      тасымалдаудың технологиялық үдерістерін зерттеу және оларды

                                            жеделдету

     Қазақстан бөлігіндегі Каспий теңізі кен орындарындағы мұнай мен
газды өңдеу, тасымалдау технологиясын жасау және зерттеу нәтижелерін
тұжырымдауға көшеміз.

     Құбыр желілерін мақсатына, аумақты орналасуына және ұзындығына қарай
ішкі, жергілікті және магистралды деп ажыратады. Жалпы мұнай мен газды
тасымалдауда магистралды құбырлар негізгі орынды алады. Келешекте маги-
стралды мұнай газ құбырлар желілері тасымалдаудың негізгі түрі болады, ал
Каспий теңізі қайраңындағы қайтадан игерілуге салынып жатқан мұнай газ кен
орындары үшін тасымалдаудың жалғыз ғана тиімді түрі болып қалады. Мұнай
және газды кен орындардан мұнай газ өңдеу зауыттарына жеткізуде және зауыт-
тан таратқыш базадан ары қарай біздің республиканың ең алшақ өңірлерінде
орналасқан халық шаруашылығына өнімдерді жеткізуде магистралды құбыр
желістерінің жауапкершілігі аса зор.

     Мұнай тасымалдау желісінің дамуы тасымалдаудың басқа түрлеріне
қарағанда мұнай және мұнай өнімдерін құбыр арқылы айдау едәуір экономикалық
пайдаға байланысты. Мұнай және газды құбыр желілері арқылы тасымал-
дау үдерісі және осы үдерістерді басқару қиын болып табылады. Бұл үлкен
өнімділікпен және кең торапты айдаушы және жылытушы станциялары, құю
пункттері, аса ірі резервуарлы парктері бар құбыр желілерімен түсіндіріледі.
Сонымен қатар мұнай кен орындарының өңдеу аудандарынан алшақ және
тұтынушылардың территориалды шашыраңқы орналасуына байланысты. Бұған
қоса қазақстан мұнайын магистиралды құбыр желілерімен тасымалдау үдерісі
өнімнің жоғары тұтқырлығы (Маңғыстау жартылай аралының мұнайы) неме-

                                     456

МАЗМ¦НЫ
   451   452   453   454   455   456   457   458   459   460   461