Page 458 - indexf
P. 458

•	 Газ таратқыш станциялар, газ қысымын түсіруге және осы қысымды
          белгілі бір шектерде ұстауға;

     •	 Сызықты және станционды байланыс құрылғысы;
     •	 Катодты, протекторлы және дренажды қорғаныс құрылғысы.
     Айдаудың қысымы және температурасы магистральды құбыр желілерінің
жұмыс режимін анықтайтын негізгі көрсеткіштер болып табылады. Осы
және басқа көрсеткіштер (айдалатын өнімдер сипаттамасы, өнеркәсіптік пер-
сонал, техникалық қамсыздандыру және т.б.) магистралды құбыр желістері
объектілерінің жұмысының сапасын жеке және жалпы анықтайды.
     Магистралды құбыр желілері өздерінің ұзақтығы себебінен жоғары қысымда
(50 кг/см2 және одан жоғары) жұмыс істейді. Жоғары қысымды айдау келесідей
артықшылықтар береді:
     •	 Айдаушы станциялар арасының алшақтауы;
     •	 Құбыр желісінің өткізу қабілетін одан әрі арттыру мүмкіндігі;
     •	 Тұтқырлы мұнайларды және мұнай өнімдерін және басқаны айдау

          мүмкіндігі.

     17.5.1 Каспий теңізінде су асты құбырларын құру

     Каспий теңізінде мұнай және газ өндірудің дамуы түрлі мақсатттағы су асты
теңіз құбырларын құру қажеттілігін тудырды.

     Алғашқы су асты құбырлар 40-шы жылдардың соңы 50-ші жылдардың
басында құрыла бастады. Каспий мұнай кәсіпшілік су айдындарының жағалау-
дан сәл алыстауы, теңіздің аз тереңдігі және кіші диаметрлі құбырлардың
қажеттілігі сол жылдардағы құбыр құрудың техникасы мен технологиясын
анықтады. Алғашқы 63-114 мм диаметрлі құбырлар бұрғылау лебедкасы арқылы
теңіз түбімен тасу әдісімен құрылды.

     Кейіннен жүзбелі қондырғылардан (киржим) құбыр құру әдісін қолдана
бастады. Соңғы айтылған әдіс қазіргі кезде де ішкі кәсіпшілік құбыр құру үшін
қолданады.

     Алғашқы су асты магистральдік құбыр құру 60-шы жылдардағы Южное
кен орнының ашылуымен байланысты. Бұл кен орнынан газды құрлыққа та-
сымалдау үшін ашық теңіз жағдайындағы магистральді газ құбырын құру
қажеттілігі туды. Газ өндіру ауданының жағалаудан алшақ орналасуы құбыр
құрудың (километрлік құбырларды (плеть) дайындау, баллансирлеу, олардың
коррозияға қарсы изоляциясын, транспорттық понтондардармен қамтамасыз
ету жағалаудағы жинақтау-пісіру алаңында жүргізілетін) жаңа технологиясын
игеру қажеттілігін тудырды. Ауа райы жақсы кезде километрлік құбырларды
жанақтау алаңынан теңізге лақтырып, жүзбелі түрде құрылыс ауданына тасы-
малдайды. Онда оларды понтонмен бірге трасса бойымен батырады (еркін ба-
тырылу әдісі). Құбырдың бөлек желілерін арнайы осы мақсатқа жабдықталған
40 тонналық крандық-кемеде түйістіреді.

         458

МАЗМ¦НЫ
   453   454   455   456   457   458   459   460   461   462   463