Page 459 - indexf
P. 459

Құбырдың бөлек учаскелерін (плеть) жүзбелі түрде тасымалдау үшін «Ги-
проморнефтегаз» институтымен сүңгуір қатысуынсыз су бетінен құбырдан пон-
тондарды автоматты түрде ажырататын құлпы қондырғысы бар арнайы понтон-
дар ойлап табылған.

     Қазіргі кезде аталған технология бойынша диаметрі 500 мм-ге дейінгі 30 м
теңіз тереңдігінде су асты құбырларының мыңдаған километрлері салынды.

     Су асты құбырларын еркін батыру әдісін теңіз толқуы 2 балл кезінде құбыр
буындарын 50-60 км қашықтықта тіркелеумен құруда қолдануға болатыны
тәжірибе жүзінде анықталды.

     17.5.2 Су асты мұнай-газ құбырларының конструктивті
           ерекшелігі, оларды теңізде төсеудің қиыншылықтары

     Су асты мұнай-газ құбырларын құрудың техникалық-экономикалық
көрсеткіштеріне олардың конструкциясы, құбыр металы, трассаның
геоморфологиялық және гидрометеорологиялық көрсеткіштері және басқа фак-
торлар әсер етеді. Оларды қарастырайық.

       Теңіз құбырларының конструкциясын бірнеше варианттарды талдау
және олардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жұмыс ауданның
геоморфологиялық және гидрометеорологиялық мінездемелерін, жүзбелі
құралдардың болуын, құбыр құруға арналған механизмдер мен құрылғыларды
ескере отырып, салыстыру арқылы таңдайды.

     Құбыр үшін металды техникалық-экономикалық негіздеу негізінде жұмыс
қысымын, құбыр өлшемдерін, құру орнын, теңіз тереңдігін ескеріп таңдайды.
Су асты құбырларына арналған болат көнеруден тұрақты және жақсы пісірілу
қасиетіне ие болуы керек. Құбырды пайдалану кезінде оның тұрақты, үзіліссіз
жұмыс істеуі және сенімділігі пісірілген қосылыстардың сапасына байланысты.

     Тігіссіз құбырлардың механикалық қасиеттері бүкіл көлденең қимасы
бойынша бірдей, осыған байланысты су асты құбырларын құру кезінде тігіссіз
құбырларды қалайды.

17.10-сурет. Теңіз қайраңында құбыр желілерін төсеу

         459

МАЗМ¦НЫ
   454   455   456   457   458   459   460   461   462   463   464