Page 460 - indexf
P. 460

Гидродинамикалық жүктеме әсерінен теңіз түбінде жатқан құбырдың
бөлек учаскелері шаршау қирауларын алып келетін дірілді сезеді. Түйісті
электроконтактілі пісірумен қосылған құбырлар ауада және суда шаршау
қирауларына ең тұрақты екені сынаулармен дәлелденді.

     Теңіз түбіндегі мұнай құбырларының тұрақтылығы үшін қарсы жүзгіштікті
қамтамасыз ететін балластировка қажет.

     Түпке қатыстысы орналасуына байланысты құбырлар тереңдетілген
және тереңдетілмеген болып бөлінді. Каспий теңіз кәсіпшілігін жайластыру
тәжірибесінде коррозияға қарсы жабынмен оқшауланған, алдын ала торкрет
әдісімен бетондалған тереңдетілмеген құбырларды қолданады.

      Теңіз мұнай газ кен орындарын пайдалану анализі мұнай кәсіпшілік ком-
муникация жүйесіндегі негізгі қиыншылықтар (гидраттар мен парафиндермен
тығындалуы) қоршаған орта температурасы шайыр-парафин түзілімдерінің
кристаллизация немесе гидрат түзілу (15-170С) нүктесінен төмен түскенде, яғни
күз-қыс мерзімінде болатынын көрсетті.

     Су асты мұнай-газ құбырларындағы жылулық жоғалтуларды қысқарту
үшін құбырларды тұйық кеуекті су өткізбейтін пенополиуретан қабатымен
жалатудың үзіліссіз механизацияланған жоғары эффективті әдісі жетілдірілді.
Пенополиуретан құбырдың берілген учаскесіне жалатылады. Соңғыларын ал-
дын ала тазартып, ыссы газ ортасында 20-300С температураға дейін қыздырады.
Осыдан кейін араластырғыш сыйымдылыққа пенополиуретанның бірінші және
екінші бастапқы компоненттері беріледі. Химиялық реакцияның соңғы өнімімен
құбырдың сақиналық кеңістігіндегі оқшауланған құбыр мен пішінді камераның
арасындағы құбырды жалатады (17.11-сурет).

17.11-сурет. Құбылжелінің қорғану сұлбасы

         460

МАЗМ¦НЫ
   455   456   457   458   459   460   461   462   463   464   465