Page 461 - indexf
P. 461

Бастапқы компоненттерді (№1 қоспа және №2 қоспа) сәйкесінше 6,7-і
сыйымдылықтарға құяды.

     №1 қоспа полиэфирдің 100 бөлігі мен активаторлы қоспаның қосындысы,
оның ішіне триэтиламиннің 3 бөлігі, ОП-10 эмульгаторының 0,5 бөлігі,
ализаринді майдың 4 бөлігі және дистилденген судың 2,5 бөлігі кіреді.

     Дайындалған активаторлы қоспаның ішіне полиэфирдің өлшенген мөлшерін
қосады. Бүкіл қоспа 30 минут ішінде араластырылады.

     Камера ішінен кеуекті резеңке қабатымен қалалған. Камераның сыртқы
бетіне араластырғыш-пистолет бекітілетін тез қосылатын салынбалы гайкасы
бар бұрулар (5), (11) (сосок) пісірілген. Пистолеттің ішінде қоспа араластыры-
лып, құбыр мен камераның ішкі беті арасындағы кеңістікке беріледі. Бастапқы
компоненттер химиялық реакцияға түсіп, тез көбіктенеді (1-2 мин ішінде) де
тұйық-кеуек құрылымды жылу изоляция қабатын түзіп, өңделетін бетте қатады.

     Құбырдың пенополиуретан жылу изоляция қабатымен жалатылуы бо-
йынша пішінді камера құбырға қатысты коаксиальді, оқшаулағыш жабынның
біртектілігін қамтамасыз ететін жылдамдықпен құбыр бойымен жылжиды.
Аталған әдіспен құбырларды жалату жылдамдығы 1-ден 10-15 м/мин аралығында
ауытқиды. Осылайша оқшаулағыш құрылымның біртектілігін қамтамасыз ету
үшін камераның жылжу және жылуизоляция жылдамдығы сәйкес келуі керек.

     Сораптың (9), (10) айдау желілерінде орнатылған электроконтактілі мано-
метрлер қысым 0,15 МПа асқан кезде жетекті ажыратады. Бұл шашыратқыш
камераның жылжу жылдамдығы 0,5 м/мин төмен түскенде болады.

     Зауыттық жағдайда жабынды жалату жылжымайтын пішінді камера ішінде
орындау қарастырылған. Оқшауланатын құбыр жылжымайтын пішінді камера
ішінде иілімді жабыны бар роликті стенд бойымен жылжиды, ол өз алдына қату
кезінде оқшауланатын қабат деформациясын болдыртпайды. Берік гидроизоля-
цияны қамтамасыз ету үшін пенополиуретанды хлорвинил қабатымен қаптау
керек, мысалы, экструзия әдісімен.

     Үлкен диаметрлі жылу изоляцияланған құбырлар қарсы жүзгіштік қасиетке
ие болу үшін оларды алдын ала металл қаптамамен тазартып, бетондайды.

     Құбырларды бетондау оларды ауырлатады және механикалық зақымданудан
қорғайды. Бетон қалыңдығы берілген күштік әсерлер кезінде тұрақтылық пен
беріктікті қамтамасыз ету шартарымен анықталады.

     Теңіз құбыр трассасын таңдау кезінде топогидрографиялық зерттеулер
нәтижелерін қолданады, жағажай құрылыс алаңының, келу жолдарының және
кеме тұрақтарының орналасуын байланыстырады.

     Мұнай-газ құбыр желілерін құрудағы жауапты операциялардың бірі
құбырды теңіз түбіне төсеу болып табылады. Құбыр төсеудің түрлі әдістері бар:
түппен сүйреу, суға батыру арқылы немесе құбыртөсегіш баржалар арқылы.
Отандық тәжірибеде ең алғаш рет 1976 жылдан бастап Каспийде құбыр құру
жұмысының негізгі көлемі «Сулейман Везиров» құбыртөсегіш баржасымен

         461

МАЗМ¦НЫ
   456   457   458   459   460   461   462   463   464   465   466