Page 462 - indexf
P. 462

орындалды. Ол диаметрі 800 мм дейін құбырларды 200 м теңіз тереңдігінде
төсеуге арналған (17.12-сурет). 17.12 Құбыртөсегіш – бұл қажетті кеме және
технологиялық жабдықтармен жабдықталған, түсіргіш құрылғысы (стингер) бар
металдан жасалған пісірілген понтон. Баржа палубасы құбырларды жинау және
құру үшін арналған алаңша болып табылады. Құбыржелілерді құбыртөсегіш
баржалардан құбырларды жалғау әдісімен төсейді: құбырды палубада пісіріп,
баржаның трасса бойымен қозғалуы бойынша теңіз түбіне батырады.

          17.12-сурет. Құбыр төсеу үдерісінің сұлбасы

      1 – құбыр төсегіш баржа; 2 – бетондалған құбыр;
3 – тарпалы құрылғы; 4 – құбыржелі; 5 – стингер; 6 – зәкірлі

      жүйе; 7 – кран; 8 – буксирлеуші; 9 – құбыр тасушы

     Стелаждардан бетондалған құбырларды кранмен конвейерге, одан әрі
төселген құбырдың шетімен келесі құбыр осьтері сәйкес келуі үшін центрлегіш
арбаларға бағыттайды. Монтажды желіде бес пісіру посты орналасқан: диаметрі
400 мм дейінгі құбырлар үшін сыртқы рентгеноскопия аппараты қолданылады.

     Түйістерді конвейерлі әдіспен пісіріп, кейіннен оқшаулайды. Теңіз түбіне
құбырды төсеу кезіндегі кернеуді азайту үшін баржа стингермен жабдықталған.
Ол ұзындығы сәйкесінше 50, 30, 20 м болатын үш бөліктен тұратын, құбыр
пішінді тор кеңістік конструкция болып келеді. Стингер құбырды баржа
тұмсығынан теңіз түбіне түсіру үшін және құбыр қисықтығы мен жоғарғы және
төменгі иілімдердегі кернеуді реттеуге арналған. Секцияларды бірінен соң бірін
баржа тұмсығына жалғау құбырды түрлі тереңдікке төсеуге мүмкіндік береді.

         462

МАЗМ¦НЫ
   457   458   459   460   461   462   463   464   465   466   467