Page 465 - indexf
P. 465

18-тарау

              Теңіз ҚАЙРАҢЫ кен орындарын меңгеруде
                қоршаған ортаны ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ қорғау

     Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі замандағы маңызды проблемалардың
бірі. Бұл проблеманың маңызды бөлігі – теңіздің мұнай және мұнай өнімдерімен
ластануына қарсы күресуі болып табылады.

         18.1 Теңіз және мұхиттың мұнаймен және мұнай өнімдерімен
                       ластануының негізгі көздерінің жіктелуі

     Теңіздің мұнаймен және оның өнімдерімен ластану танкерлерді айлақтарда
жүктеу және жүксіздендіру кезінде мұнайдың ағып кетуінен, танкерлердің
апаттары кезінде, балласты судың теңізге лақтырылысынан, теңізде және су
астында ұңғымалар мен мұнай құбырөткізгіштердегі апаттардан, жағалаулық
мұнай тазартқыш және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтарының теңізге
лақтырылысының әсерінен болады. Теңіз ластауының негізгі көздеріне:

     –	 мұнай және оның өнімдерін теңізде тасымалдау;
     –	 мұнай, газ және газдыконденсатты ұңғымаларды бұрғылау және пайда-

          лану;
     –	 ұңғылардағы және құбырөткізгіштегі және т.б. апаттар жатады.
     Аталған көздердің келтірілген тізбегі ластанудың қаупіне және
қарқындылығына сәйкес келеді.
     Пайдалану көздеріне:
     –	 ұңғыны бұрғылау кезінде;
     –	 мұнай-газды өндіру кезінде;
     –	 теңіз ұңғыларының өнімдерін дайындау және тасымалдау кезінде

          мұнайдың ағып кетуін жатқызады.
     Апаттыларға: ұңғымаларды бұрғылау, игеру, пайдалану кезінде фонтанның
атқылауы және лақтырылысы, су асты өнім өткізгіштердің, магистралды
мұнайөткізгіштердің жарылысы, сонымен қатар су асты және су беті мұнай
қоймаларының жарылысы мен апаттары жатқызылады. Теңізді ластаудың
апатты көздеріне, сонымен бірге оның флорасы мен фаунасына үлкен қауіп
туғызатын су асты грифондар жатады.
     Теңіз мұнай-газ кен орындарын игерудің технологиялық үдерісі:
     1.	 ұңғымаларды бұрғылау;
     2.	 ұңғымаларды сынау;
     3.	 мұнай және газды өндіру сияқты үш негізгі сатылармен қиыстырылады.

         465

МАЗМ¦НЫ
   460   461   462   463   464   465   466   467   468   469   470