Page 466 - indexf
P. 466

Теңіз мұнай, газ кен орындарын барлау және игеру кезінде теңіз ластану-
ын игерудің аталған әрбір сатысындағы қолданылатын үдерістердегі барлық
мүмкін көздерін білу қажет.

             18.2 Ұңғыманы қалдықсыз бұрғылау кезіндегі теңіздің
                                  ластануының алдын алу

     Пайдалануға жататын қалдық – артық сазды ерітінді болып табыла-
ды. Оның құрамында теңіз ортасына түскенде акваторияның биологиялық
өнімділігін және гидрохимиялық құрамын бұзуы мүмкін улы органикалық
заттардың қатары бар. Артық бұрғылау ерітінділері қалыптандырылып,
бұрғылаудың технологиялық қажеттіліктеріне, ұңғылардың күрделі жөндеуіне
қолданылатыны, сонымен қатар жағалаулық шлам үйінділеріне шығарылатыны
белгілі. Осыған ұқсас жағдай ұңғыны сынау кезінде сазды ерітіндіні қолданған
кезде болады. Қалдықтар мөлшерін азайтуға және сазды ерітіндінің қажетті
құнды компоненттерін қайтара қолдану үшін бұрғылау ерітіндісін игерудің
технологиясын қолданады. Мұнда ондағы барлық өлшенген қатты бөлшектерді
бұрғылау ерітіндісін центрифугалау арқылы жоюды қарастырады, оның
нәтижесінде одан көлемі 20 мкм және одан да көп бөлшектер жойылады. Цен-
трифугалаудан кейін ерітіндіге диаметрі 20-дан 2 мкм-ге дейін және одан да
төмен бөлшектерден қауыздардың түзілуі үшін фланкулирлейтін агентті қосады.
Алынған қауыздарды сүзіп, құрамында қатты бөлшектер жоқ, бұрғылау ерітінді
ретінде қайта қолдануға болатын ерітіндіні алады.

      Бұрғылау үдерісінде негізгі қалдықтардың бірі – бұрғылау шламы болып
табылады. Бұрғылау ерітіндісі және шлам мұнай-газ кен орындарын игеру
және пайдалану жүрісіндегі шығарындылардың көп бөлігін құрайды. Теңіздің
айтарлықтай терең болмағандығының және мұз жағдайларының, органикалық
материалдың ыдырау жылдамдығының аздығының әсерінен бұрғылау
сұйықтығын қайта қабатқа айдау тиімді шешім болады. Мұнайқұрамды
қалдықтарды қайтадан айдау Солтүстік теңіз тәжірибесінде кеңінен таралған.

     Керамзитті пластикалық тәсілмен алу мақсатында Каспий теңізі кен
орнының бұрғыланған жынысын пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілді.

     Жоғарыда айтылған тәсілді енгізу мынадай мүмкіндіктер берді:
     1)	 шлам үйінділеріне кеткен жер учаскелерін босату және шлам үйінді-

          лерінің құрылысына, сонымен қатар оларды қамтамасыздандырудың
          шығындарын жою;
     2)	 топырақтың, ауа және су бассейндерін зиянды қоспалардан қорғау;
     3)	 керамзит өндірісінде кенішті саздың шығымын азайту;
     4)	 бұрғылау үдерісін қалдықсыз өндіріске ауыстыру туралы сұрақтарды
          қарастыру.

         466

МАЗМ¦НЫ
   461   462   463   464   465   466   467   468   469   470   471