Page 467 - indexf
P. 467

18.1-сурет. СБОУ-6 25/6-И1 түріндегі бұрғылау шламдарын

                         бейтараптандыру агрегаты:

   1 – жүктеу механизмі; 2 – барабан; 3 – қаптама; 4 – футеров-
  ка; 5 – қыздырғыш элементтер; 6 – жүктеу механизмі; 7 – бара-
бан айналымының жетегі; 8 – пеш жағдайын реттеу бұрандалары;

   9 – бу және газды шығару патрубкасы; 10 – клемдік қораптар

     НИПИ «Гипроморнефтегаз», ПО «Азэлектротерм» екеуі бірлесіп,
қалдықтардың мөлшерін азайтуға және оларды залалсыздандыруға мүмкіндік
беретін бұрғылау шламының бейтараптандыру агрегатын жасады (18.1-сурет).

      СБОУ-6 25/6-И1 түріндегі бұрғылау шламдарын бейтараптандыру агрега-
ты: жүктеу механизмінен (1), барабаннан (2), қаптамадан (3), футеровкадан (4),
қыздырғыш элементтерден (5), айналыс жетегінен (7), жүктеу механизмінен (6),
басқару шкафтарынан (8) құралады.

     Жүктеу механизмі (1) мөлшерленіп, бункерден шламды агрегат бара-
банына шнекпен береді. Жүктеу механизмінің жетегі червякты редуктор,
электроқозғалтқыш және шынжырлы беріліс негізінде орындалған. Берілістің
шлам мөлшері шнек айналысының санына тәуелді.

     Агрегат барабан (2) тотықпайтын болаттың беттік тегістеуінен дайындалған.
Барабан ішінде жабысқақ қабатты кетіретін пышақтар орнатылған. Өңделмеген
материалды жүктеуге беруді болдырмау үшін барабанда конусты саңылаулары
бар екі диафрагма орнатылады. Барабан және агрегаттың осінде реттелетін
еңкею бұрышы болады.

     Агрегаттың қаптамасы (3) беттік тегістеудің дәнекерленген қақпағы алын-
балы-салынбалы. Қаптаманың футеровкасы (4) және қақпағы дара орындалады
және екі: өрттегеурінді және жылуоқшауланған қабаттан құрылады. Футеровка-
да қыздырғыштарды орнатуға арналған сөрелер бар.

         467

МАЗМ¦НЫ
   462   463   464   465   466   467   468   469   470   471   472