Page 468 - indexf
P. 468

Өнімдер агрегаттың жұмысшы бөлімінде бұрама түріндегі қыздырғыш
элементтерімен (5) қыздырылады. Қыздырғыштар жанындағы қабырғада
орналасқан. Барабандағы бейтараптанған шлам теңіз түбіне тікелей жүктеледі.

     Барабан айналысы червякты редуктор, электроқозғалтқыш және шынжырлы
беріліс негізіндегі жетекпен (7) жүзеге асырылады. Барабан айналысының санын
өзгерту үшін бейтараптандырудың берілген технологиясына тәуелді, ауыспалы
шынжырлы жұлдызшалар кешені қарастырылады немесе үшжылдамдықты
қозғалтқыш орнатылады.

     Агрегат 2 аймақтан тұрады. Барлық аймақтың қыздырғыштары кернеуі
30В айналымы ток желісіне қосылады. Агрегат жұмысы кезінде қыздырудың
берілген режимін автоматты және қолмен қолдау қарастырылған.

     Теңіз платформасында бұрғылау жабдығын жөндеу кезінде бейтараптау
агрегаты бұрғылау ерітіндісін тазарту блогында тікелей виброелек астында
жөнделеді. Агрегаттың виброелек және бункері арасында жүктеу механизмі ара-
сында жүктеу механизмінің бункеріне бағытталған арнайы лоток жабдықталады.
Мұндай орналасу агрегатты шламмен қосымша механизмдерді қолданбай-ақ
жүктеуге мүмкіндік береді, шлам берілісі шиберлі заслонкамен реттеледі.

     Бұрғылау үдерісіндегі басқа да қалдықтары – бұрғылау ағынды сулар бо-
лып табылады. Бұл сулар механикалық қоспалармен және кейбір органикалық
заттармен тең құралады. Шет елдегі сияқты отандық тәжірибеде сулар қалдығын
пайдаланудың әртүрлі сұлбалары және қондырғылары бар. Бірақ олар үлкен
көлемді және жоғары өнімділікке ие. Бұл теңіз платформасында шектеулі
аудандарының әсерінен олардың қолданыс мақсатына сай келтірілмейді.
Айтылғандарды ескеріп, НИПИ «Гипроморнефтегаз» УОБС шағын габаритті
қондырғыны және ағынды сулардың тазаруына, қайта қолданысына мүмкіндік
беретін технологиялық сұлбаны жасап шығарды.

     Қалдықтарға, сонымен қатар бұрғылау кезінде өндірілген жанар-жағар
май материалдарды жатқызуға болады. Олар шетел тәжірибесінде үлкен көлем
кезінде арнайы қондырғылармен қайта қалыптандырылады. Отандық тәжірибеде
жанар-жағар майлар аз көлемде жағалауға регенерацияға шығарылады.

        18.3 Теңіз ұңғымаларын меңгеру және сынау кезінде қоршаған
                                         ортаны қорғау

     Сынау үдерісінде ұңғымадан мұнай, газ, қабат суы өндіріледі. Алғашқы
кезде ұңғының барлық өнімін (мұнай, қабат суы) танкерге жинап, жағалаулық
тазарту ғимаратына апарды. Дауыл кезінде кемені бұрғылау платформасында
ұстаудың техникалық қиындықтарына байланысты, сонымен қатар танкердің
фрахтасының қымбаттылығына байланысты бұл жүйеден бас тартты.

     Қазіргі кезде өндірілген мұнай, газ және қабат суын жағу арқылы барлау
ұңғыларын сынауға және игеруге арналған «Бейкер» фирмасының жабдық

         468

МАЗМ¦НЫ
   463   464   465   466   467   468   469   470   471   472   473