Page 469 - indexf
P. 469

кешенімен ЖБ ЖБҚ «Каспморнефтегазпром», «Шельф-1» және «Шельф-2»
жабдықталған.

     Теңіз мұнай ұңғыларын игеру кезінде ластануының алдын алу үшін, алдымен
ластанудың барлық мүмкін көздерінің және жолдарын білу керек. Бұл мақсатта
стационарлы платформадан және эстакадалық ауданнан бұрғыланған теңіз
ұңғыларын игеру бойынша жұмыстар кешенін қарастыру керек. Бұл негізінен:
ұңғылар перфорациясы, жерасты жабдықты түсіру, жер беті жабдығын сынау
және жөндеу, ұңғы сағасын жабдықтау, су асты коммуникациясын салу, ком-
муникацияны престеу, ағын шақыру, ұңғыны зерттеу, пайдаланудың оптималды
режимін анықтау, ұңғы өнімін қабылдау сияқты жұмыстардан тұрады.

     Қазіргі кезде барлау ұңғымаларын сынау және игеру кезінде теңіздің
ластануының алдын алу проблемалары:

     –	 ұңғы өнімін жинау және жағумен;
     –	 өнімнің сұйық бөлігін жинау және тасымалдаумен;
     –	 газды жағумен шешіледі.
     18.2-суретте АБУ, ЖБ ЖБҚ және тұрақты стационарлы платформадан
бұрғыланған барлау ұңғыларын сынау және игеру, өнімді жинау және жағу
бойынша кең қолданылатын қондырғылар сызбасы көрсетілген. Ұңғы өнімі
(1) қоздыру жүйесі (2) және жұмысшы манифольд арқылы газды сұйықтықтан
айыру және жоғары қысымды газды өлшеу үшін жоғары қысымды сепараторға
(3) түседі. Жоғары қысымды аппараттардан сұйық фаза төмен қысымды
сепараторға түседі де, одан сұйықтық сыйымға (5) бағытталып, сораппен (6)
жанумен басқару манифольдіне (8) айдалады.

        18.2-сурет. «Бейкер» фирмасының «Ұшқынды алау»
               қондырғысының технологиялық сұлбасы:

      1 – ұңғыма; 2 – пеш; 3 – жоғары қысымды сепаратор;
4 – төмен қысымды сепаратор; 5 – сыйым; 6 – сорап; 7 – ауалық

      айдағыш; 8 – жанумен басқару манифольді; 9 – горелка

         469

МАЗМ¦НЫ
   464   465   466   467   468   469   470   471   472   473   474