Page 470 - indexf
P. 470

Осының ішіне, жанумен басқарылатын манифольдке жоғары және төмен
қысымды газ беріледі. Жану манифольдінен барлық өнім горелкаға (9) келіп
түсіп, түтінсіз жағылады.

     Мұнайдың түтінсіз жануы үшін горелкаға жанумен басқару манифольдіне
ортадан тепкіш желдеткішімен (7) ауа айдалады.

     Сәулелік энергияның сәулеленуін және өртқауіпсіздігін азайту үшін
горелканың барлық периметрінде теңіз суын беретін соплоны орнатады. Горелка
ұңғының барлық өнімін – мұнай, газ, конденсат, қабат сулары және механикалық
қоспаларды түтінсіз жағады. Горелканың өткізу қабілеті 1600 т/тәу. мұнай және
1млн м3/тәу. газ. Горелканы ұзындығы 16 м-ге дейін консольді фермаларда орна-
тады. Консольді фермалардың соңындағы горелкалар 180º-қа бұрыла алады. Со-
нымен қатар әрбір ЖБҚ мен ЖББҚ-да горелкалары бар (2) консольді фермалар
орнатылады. Оларды жел бағытына сәйкес жағады.

     «Бейкер» (АҚШ) фирмасының «Летящее пламя» қондырғысы ЖБ ЖБҚ мен
ЖБҚ бұрғылаған барлау ұңғыларын сынау және игеру өнімдерімен теңіздің
ластануының алдын алу үшін қолданылады, ал стационарлы платформамен
бұрғыланған ұңғыларды игеруде мүлдем қолданылмайды, өйткені бұл жағдайда
мұнай және конденсаттың көп мөлшері мақсатсыз шығындалады.

     Қазіргі кезде стационарлы платформамен және эстакадалық ауданмен
бұрғыланған пайдалану ұңғымаларын игеру кезіндегі теңіздің ластануы 0-ге
тең, өйткені аудандарға ұңғыны игерудің басында эстакада бойынша су асты
және су беті құбырөткізгіштер салынады. Игерілетін ұңғымадан бұрғылау
ерітіндісі жиналып, шығарылады және келесі ұңғыны бұрғылауға қолданылады.
Ластанған ағынды су, мұнай, қышқылдар, БӘЗ және басқа да химиялық реагент-
тер құбырөткізгіштері бойынша мұнай жинау пункттеріне айдалады.

     Ұңғыманы теңізде меңгеру кезінде оларды сумен немесе мұнаймен айдау
тұйықталған айналмалы жүйе бойынша коллекторға немесе жуу ерітіндісін
қайта қолдану үшін технологиялық сыйымға жүзеге асырады.

     Қабат қысымы аномалды жоғары ұңғыларды өшіру кезінде платформада
ұңғыманың (2) көлеміне тең бұрғылау ерітіндісінің қоры болу керек.

     Қысыммен жұмыс жасап тұрған ұңғыма мен құбырөткізгіштерінің
бәсеңдетуін үрілу блогында жүргізеді. Бұл кезде сығылатын газды факелге
жағуға бағыттайды, ал сұйықтықты коллекторға айдайды.

     Ұңғыманы кейін пайдалану үшін игеру кезінде, пайдалану және аралық
тізбекті, фланецті және бұрандалы қосылысты ұңғы сағасының сальникті
тығыздалуын және жерүсті жабдығының күйлерін жүйелі бақылайды. Ақаулар
табылған кезде оларды жоюдың шұғыл шаралары жүргізіледі.

     Ұңғыма сағасы құбырөткізгішпен ағынды суларды жинау блогының сыйы-
мына жалғанатын поддонмен жабдықталуы керек.

     СКҚ-ды парафиннен, тұздан, құмнан арнайы жабдықталған жұмысшы
алаңдарда немесе жағалаулық базаларда тазартады. Тазалау өнімдерін контей-
нерлерге жинап, жағалаудағы арнайы шлам үйінділеріне көшіріледі.

     Жиналған сұйықтықты сораппен коллекторға айдайды.

         470

МАЗМ¦НЫ
   465   466   467   468   469   470   471   472   473   474   475