Page 471 - indexf
P. 471

18.4 Мұнай мен газды өндіру кезінде қоршаған ортаны қорғау

     Каспий теңізі ұңғыларының жұмыс істеп тұрған фондының жартысынан
көбі фонтанды-компрессорлы тәсілмен игерілетіні белгілі. Бұл ұңғылардың
қалыптасқан пайдалану режимін сақтау және олардың дебитін көтеру үшін
жүйелі түрде:

     –	 фонтанды ұңғылардың штуцерлерін тексеру және ауыстыру;
     –	 ұңғылардың дебитін және сағалық параметрлерін өлшеу;
     –	 көтеру құбырларын парафин түзілімдерінен тазарту;
     –	 құбыр сыртына және сақиналық кеңістікке сұйықтықты айдау;
     –	 геологиялық-техникалық;
     –	 өтімділікті көбейту үшін ұңғының түптік аймағын өңдеу;
     –	 ұңғылардың құм тығындарын жуу, т.б шараларды жүргізеді.
     Осы жұмыстардың барлығын орындау кезінде теңіздің мұнаймен, мұнай
өнімдерімен, химиялық реагенттермен, қабаттың құммен ластануы мүмкін.

          18.5 Ұңғыманың ағымдағы және күрделі жөндеулері кезінде
                                  қоршаған ортаны қорғау

     Ұңғының ағымдағы және күрделі жөндеуі теңіздің мұнаймен, мұнайқұрамдас
сумен және құммен, сонымен қатар өңделген жуу ерітінділерімен ластанудың
негізгі көздерінің бірі болып табылады.

     Теңіздің ұңғыны жөндеу қалдықтарымен ластануының алдын алу:
     –	 ұңғыны жөндеу кезінде жуу ерітіндісінің айналымының жабық

          жүйесімен қолдану жолымен;
     –	 жөндеу қалдығын кейін оларды теңізге лақтыру үшін жинау және тасы-

          малдау немесе залалсыздандыру;
     –	 құбырларды және штангаларды мұнайдан және жуу сұйықтығынан

          тазалауға арналған әртүрлі аспаптарды қолдану;
     –	 құбырлардың ішкі қуысынан ағатын сұйықтықты айдау және шығару;
     –	 лақтырысқа қарсы шағын көлемді сағалық құралдарды қолдану арқылы

          жүзеге асырылады.

            18.6 Мұнай және газ ұңғылары өнімдерінің қалдықтары

     Каспий мұнай-газ кен орнының ұңғыларының өнімдері құрамында негізгі
компоненттер – мұнай, конденсат және газбен бірге бұл үдерістің қалдықтары
ретінде олардың серіктері: қабаттық жоғары минералданған су және құм бола-
ды.

         471

МАЗМ¦НЫ
   466   467   468   469   470   471   472   473   474   475   476