Page 472 - indexf
P. 472

Отандық тәжірибеде қабат суларын қабат қысымын қолдау (ҚҚҚ) жүйесінде
қолданады, ал басқа жағдайларда сорғыш горизонттарға айдайды, бұл
технологиялық үдерістің улы қалдықтарын пайдалану шарасы болып табылады.

     Аз қалдықты үдерістерді құрудың басқа да тәсілдері бар.
     Шетелде мұнай ұңғыларында су ағыстарын шектеудің әртүрлі әдістері
қолданылады. Бұл мақсатта көп жағдайда үдерістің селективтігіне жететін су
серпінді сұйықтықтар қолданылады. Тұтқыр-серпінді сұйықтық ретінде пу-
шер-500 және пушер-700 түріндегі суда ерігіш полимерлер қолданылады.
Сулардың селективті оқшаулануы үшін, сонымен қатар гельдер түзетін компо-
зицияны пайдаланады. Бұл кезде гель түзілу үшін айдалатын реагентпен жанасу
кезінде сәйкес келетін компоненттері бар қабаттарды таңдайды.
     Отандық тәжірибеде полиакриламид түріндегі суда ерігіш полимерлер-
мен суды оқшаулаудың әртүрлі әдістері қолданылады. Бұл полимердің орнына
американдық өндірістегі пушер-500 және пушер-700 полимерлері алынады.
Сонымен қатар полиакриламид пушер-500 және пушер-700 полимерлері
мұнайды қабаттан ығыстыруға қолданылады. Бұл ұңғы өнімінің сулануының
күрт азаюына әкеледі.
     Каспий теңіз мұнай-газ кен орындарының кейбір қабаттары әлсіз цемент-
телген жыныстардан құралғанын ескеріп, өндірудің технологиялық үдерісі
қабат құмын рауалы таңдау кезінде жер бетіне шығуымен жалғасады.
     ТМД және шетелдерде құммен күресу үшін түптік аймақта дымқыл кол-
лекторларды бекітуінің әртүрлі әдістері қолданылады және әртүрлі сүзгілер
құралады.
     Егер ұңғыға қабаттан құм келуін болдырмау мүмкін болмаса, онда
шығарылатын құмның пайдаланылуы үшін мұнайдан тазарту керек және кейін
құрылыс материалы ретінде қолдануға болады.
     Ілеспе және табиғи газдардың қалдықсыз өндіру технологиясы алдымен жи-
нау жүйесінің толық тұмшалануын және атмосфераға газдың шығарындыларын
жоюды қарастырады. Бұған кен орнының қазіргі кездегі газ жинау және көліктік
құбырөткізгіштер желісімен, қажет болса, комперессорлы қондырғымен
жабдықталуымен қолжеткізіледі. Компрессорлы қондырғы газды тасымалдауға
немесе кен орындарда мұнайды газлифтімен өндіруге тікелей қолдануға, қабатқа
айдауға және энергетикалық қондырғыларда отын ретінде қолдануға болады.

            18.7 Су бетінен мұнайды және мұнай өнімдерін оқшаулау

     Су айдынының бетін мұнайдан және оның өнімдерінен тазарту – фактор-
лармен:

     –	 мұнайдың жоғарғы тұтқырлығымен, ол оның судан бөлінуімен;
     –	 тазалау ауданының үлкендігімен;
     –	 жел және ағыс әсерінен мұнай дақтарының жылжымалығымен;
     –	 гидрометеорологиялық жағдайлармен және т.б. қиындатылады.

         472

МАЗМ¦НЫ
   467   468   469   470   471   472   473   474   475   476   477