Page 473 - indexf
P. 473

Су бетін тазалау және мұнай төгілуін оқшаулау үшін әртүрлі қызмет
принциптеріне негізделген қондырғылар бар. Төгілген мұнайды бөлек
тәсілдермен және техникалық құралдармен немесе олардың кешенімен жояды.
Кешен мұнай ластануын жайылдырмайды, мұнайды механикалық құралдармен
жинайды, оны сорбенттермен жұтылуын, мұнайды жағуды, мұнай қабатшаларын
химиялық немесе биологиялық препараттармен ыдыратуды қамтамасыз етеді.

     Мұнайды су бетінен кетіру тәжірибесінде термиялық, механикалық,
гидробиологиялық, физикалық-химиялық әдістер кең қолданылады. Бұл әдістің
артықшылығымен бірге олардың кемшілігін де білген жөн.

     Термиялық тәсілде (мұнайды жағу) теңіз стационарлы және жылжымалы
инженерлік ғимараттар теңіз бетінде ағыстың не желдің әсерінен жылжитын
мұнай жазықтығында жанған дақтың эпицентрінде болуы мүмкін.

     Гидробиологиялық тәсілдің кемшіліктері – теңіз суының 10ºС төмен тем-
пературасында бактериалдық ыдыраудың тоқтауы және төгілген мұнайды
пайдаланудың мүмкін еместігі.

     Механикалық әдіс қымбат техникалық құралдардың қолданысын қажет
етеді. Сонымен қатар, теңіз бетінде механикалық жинау жерлерінде мұнайдың
жұқа қабатшасы қалады, ал судағы көмірсутектің концентрациясы нормаға тек
300-400 тәуліктен кейін ластану аймағын тазалаған соң жетеді.

     Физикалық-химиялық әдіс диспергенттер бентосына және басқа да химия-
лық препараттарға кері әсермен, мұнайдың өзінің массасымен салыстырғанда,
төмен жұтымдылығымен сипатталады.

     Мұнаймен ластануды жайылдырмаудың негізгі техникалық құралдары –
бондық қоршаулар.

18.3-сурет. Теңізде мұнайды оқшаулау

         473

МАЗМ¦НЫ
   468   469   470   471   472   473   474   475   476   477   478