Page 477 - indexf
P. 477

18.8-сурет. Акваторияның түбінде мұнайды бондарды қолданып жинау:
1 – мұнайқоқыс жинағыш; 2 – бондар; 3 – бондарды сүйрегіштер; 4 – мұнай

           18.8 Қоршаған орта және оның жүргізілетін жұмысқа әсері

     Соңғы жылдары мұхит ресурстарын қолдану мәселесі көптеген әлем
елдерінің маңызды тапсырмаларына айналды. Мәселенің шешімі қоршаған орта
туралы толық ақпарат білу. Теңіз мұнай өнімдерінің құрылғыларын жобалауда
детальді және тұтастай ақпарат керек. Әлем мұхитын зерттеу мәліметтерінің
көбеюі өте жоғары, ал ол 7-8 жылда жинақталатын ақпараттардың өсуін екі
есе қамтамасыз етеді. Космостық бақылаулар құралдарының тез дамуының
арқасында, таяу келешекте ақпараттардың екі есе өсуі біраз азаюы мүмкін.

     Мұнай және газ кеніштерін игеруде гидрометеорологиялық жағдайларды
мұқият зерттеу әбден қажет. Бұл қорғалмаған, ауыр гидрометеорологиялық
жағдайларда акваторияларда гидротехникалық құрылыстарды тұрғызу және
пайдаланумен байланысты. Қоршаған ортаның экстремалдық жағдайларында
бұл құрылыстар апаттық әсерлерден бұзылмауы керек және кенішті пайдалану
кезеңінде (25-30 жыл) жұмыс жасауын қамтамасыз етуі тиіс.

     Мұнай және газ кеніштерін игеруді жобалағанда, гидрометеорологиялық
ақпараттардың әртүрлі болжамдары талап етіледі. Техникалық-экономикалық
дәйектемелерді жасағанда, жеткілікті ірі фадациялардағы салыстырмалы
үлкен акваторияларға жататын гидрометеорологиялық мәліметтер қажет.
Теңіз гидротехникалық құрылыстардың орындарын жобалау кезінде, кеніш
алаңындағы гидротехникалық құрылыстардың орналасу үлгілерін және ортаның
бұл құрылыстарға әсерлік дәрежесін анықтау үшін көптен-көп толық және үлкен
көлемдердегі мәліметтер талап етіледі. Бұған мынадай негізгі мәліметтер кіреді:

     -	 Толқындардың максималды биіктігі және оның кезеңі;

         477

МАЗМ¦НЫ
   472   473   474   475   476   477   478   479   480   481   482