Page 478 - indexf
P. 478

-	 Жел және ағыстардың максималды жылдамдығы;
-	 Су деңгейінің экстремалды өзгеруі;
-	 Толқындардың биіктігі мен кезеңдерінің тағайындалуы, жел және

     ағындардың жылдамдықтарының тағайындалуы;
-	 Ағындардың профильдері, жел және толқындардың спектрлері,

     толқындардың ерекшеліктері;
-	 Жел және толқындардың параметрлері және жылдамдықтары.

18.9-сурет. Теңіздегі бұрқасын

     Негізгі мәліметтердің параметрлері олардың қайталану периодымен
келтіріледі (жылына 1 рет, 100 жылда – 5, 10, 20, 50 рет). Гидротехникалық
құрылыстарды тұрғызу және пайдалану, техникалық-жүзбелі құралдарды бук-
сирлеп (сүйреп) тасымалдау және оларды жұмыс жағдайында орнына қондыру.
Демонтаж кездерінде режимдіктен басқа, жедел, шұғыл диагностикалық
және болжамдық гидрометеорологиялық ақпарат қажет: желдің жылдамдығы
мен бағыты, беттік ағыстардың жылдамдығы және бағыты, толқындар
биіктіктерінің қамтамасыз етілуі, толқындар мен кіші толқындардың периодта-
ры, толқындардың таралу бағыты, мұздық жағдайлар, көз көрерлік жауын-ша-
шындар, бұлттылық ауа температурасы, мұздану.

     Қажетті гидрометеорологиялық параметрлерді анықтаудың негізгі тәсілдері
төмендегідей.

     Экспериментальдық мәндерді анықтау үшін:
     -	 бақылау мәліметтерінен эксперименталдық шамаларды таңдау (мыса-

          лы, температура, ылғалдылық және т.б.);

         478

МАЗМ¦НЫ
   473   474   475   476   477   478   479   480   481   482   483