Page 475 - indexf
P. 475

нады. Арнайы айырғыш құралдары жиналған мұнайдың теңіз суынан бөлінуін
қамтамасыз етеді.

     Кеме суға төгіндіні жинау және жоюға, жайылдырмауға қолданылатын
мұнайжинағыштарды, бондық қоршауларды, басқа техникалық
құралдарды көтеріп-түсіруге арналған құралдармен жабдықталған. Кемеде
гидрометеорологиялық, гидрохимиялық және биологиялық зертханалар бар,
сонымен қатар кеме төгілу аймағын, төгілген мұнайдың қозғалу жылдамдығы
және бағыты автоматты бақылау құралдарымен жабдықталады. Арнайы
құралдар оперативті байланысты және төгіндіні жою бойынша операцияның
барлық қатысушылардың нақты өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.

     Ашық теңізде мұнайдың апаттық төгілуін экспедициялық кеме қатысуымен
жою сұлбасы 18.5-суретте көрсетілген.

                    18.5-сурет. Ашық теңізде мұнайдың апаттық төгілуін
                         экспедициялық кеме қатысуымен жою сұлбасы:
                        1 – теңіз мұнайжинағышы; 2 – мұнайжинағыш;

              3 – авиабарлау құралы; 4 – экспедициялық кеме; 5 – мұнай жинау
                      қондырғысы; 6 – мұнай сыйымы; 7 – бондық қоршау.

     Отандық мұнайқоқыс жинағыштарының ерекшелігі олардың әмбебаптығы
болып табылады. Олар жүзгіш ластанудың кез келген түрін, соның ішінде ірі
қоқысты жинай алады, акваторияның кез келген учаскелерін, кемелер, эстакада-
лар және басқа да гидротехникалық ғимараттар арасын тазарта алады.

     Мұнайды және қоқысты жинау сұлбалары 18.6-, 18.7-, 18.8-суреттерде
көрсетілген.

     Мұнай төгінділерін жоюға мұнайқоқыс жинағыштарынан басқа торы
синтетикалық материалдармен толтырылған мұнайды сіңіргіш бондар, кеме-
лерден және жағадан қолданылуы мүмкін, өнімділігі 6 т/сағ мұнайды жинауға
арналған қосымша ауыспалы құралдар пайдаланылады.

         475

МАЗМ¦НЫ
   470   471   472   473   474   475   476   477   478   479   480